• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Су және ирригация министрлігі өңірлердегі су қоймаларының ахуалы туралы не дейді?

Су және ирригация министрлігі өңірлердегі су қоймаларының ахуалы туралы не дейді?

2 апреля, 2024 Қоршаған орта

Ақтөбе су қоймасына 27-29 наурыз аралығында 200 млн текше метр су келіп түсті, бұл оның жобалық көлемінің 80% құрайды.

Сонымен қатар, жергілікті органдармен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында төменгі ағыста жобалық қуаттан жоғары 15 млн. текше метр су жиналды.

1 сәуірге Ақтөбе су қоймасын толтыру көлемі 86% құрайды (жобалық 245,0 млн.м³-тан 211,4 млн.м³). Қазіргі уақытта 300 м³/сек транзиттік жіберу орнатылды, су тасқыны ағынын қабылдау мүмкіндігі бар.

Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларында ағындардың жоғарылау қаупін бағалау үшін Елек және Қарғалы өзендерінің бассейндеріне аралап ұшып шығу және тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша Ақтөбе су қоймасына еріген судың қосымша ағыны түсетінін және оның деңгейі қауіпті емес екенін атап өткім келеді. Елек өзені бойынша одан әрі салалар болған жағдайда, артық су мөлшері су қоймасына жиналатын болады, бұл Қарғалы өзені (Елек өзенінің бүйірлік саласы) арқылы өту үшін Елек өзенінің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қарғалы су қоймасы толтыру режимінде жұмыс істеп тұр және оның деңгейі 58% құрайды (161,33 млн. м3). 

Астана су қоймасына 26-30 наурыз аралығында 150 млн текше метр су түсті (жобалық 410,9 млн.м³-тан 402 млн.м³), бұл су тасқыны кезінде орташа көп жылдық түсімнен едәуір асып түсті (наурыздан мамырға дейін).

АНЫҚТАМА ҮШІН: соңғы төрт жылда барлық су тасқыны кезеңінде судың орташа түсімі — 189,5 млн. м3 (2020 ж. — 219,0 млн.м3, 2021 ж. — 298,76 млн. м3, 2022 ж. – 176,58 млн. м3, 2023 ж. — 63,49 млн. м3) құрады.

Астана су қоймасынан судың төгілуін болдырмау үшін 29 наурызда Есіл өзенінің арнасын жуу үшін төменгі бьефке су жіберу жүзеге асырылды. Су ағыны 384 м³/сек, су ағызу 300 м3/сек құрайды.

Қарағанды облысында орналасқан Самарқанд су қоймасы бүгінгі таңда 100 % толған (жобалық сыйымдылығы 253,7 млн. м3). Су ағыны 1210 м³/сек, су ағызу 1210 м3/сек құрайды.

Ұлытау облысында орналасқан Шерубай – Нұра су қоймалары бүгінгі таңда 96 % толған (жобалық сыйымдылығы 274 млн. м3). Су ағыны 1157 м³/сек, су ағызу 1157 м3/сек құрайды.

Самарқанд және Шерубай – Нұра су қоймаларынан тасталған және төмен жағынан қосылатын бүйірлік ағындарын (550 м3/сек) есепдегенде Нұра өзені арқылы Преображен су торабына шамамен 4 сәуір айына 2500 м3/сек су ағыны күтілуде. Өз кезегінде Қошқарбаев, Қосшы, Тайтөбе елді менкендерін су басу қаупі төніп тұр. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар тиісті шараларды қамтамасыз ету керек.

Сонымен қатар, Ұлытау облысында орналақан Кеңгір су қоймасынан Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысына  200-250 м3/сек су жіберілуде. Қызылорда облысының аумағында орналасқан Телікөл көліне жиналатын болады.

Бүгінде оңтүстік өңірлердің өзендерінің бассейндерінде су қоймалары жинақтау режимінде тұр және суару кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Өңірдегі 17 ірі су қоймаларының су жинауы орта есеппен 87% құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 8%-ға артық

Елдің орталық, солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде жергілікті органдармен бірлесіп жинақтау және ағызу режимінде су тасқыны жағдайын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының тәуліктік мониторингі ұйымдастырылған.

Солтүстік өңірдің 11 ірі су қоймаларында су жинау орташа есеппен 84% құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 5%-ға жоғары.

Батыс өңірлерде 7 ірі су қоймаларының орташа су жинау деңгейі 68% құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7% — ға төмен.

Шығыс өңірлерде 3 ірі су қоймаларында орта есеппен өткен жылмен бір деңгейде су жинау көлемі 65% құрады.

Орталық Қазақстанның 4 ірі су қоймасында орташа су жинау 90% құрайды және бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20%-ға жоғары.

Сонымен қатар 2030 жылға дейін 9 облыстың аумағында 20 жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

АНЫҚТАМА: Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және БҚО облыстары.

20 су қоймасын іске қосу халқының саны 137 мың адам болатын 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Министрлік 9 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді жүргізуде, оның ішінде 5 нысан бойынша құжат аяқталуда.

Бұған қоса 9 облыстың аумағында 15 қолданыстағы су қоймаларын қайта құру жұмыстары басталады, бұл халқының саны 75 мың адам болатын 64 елді мекеннің су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

Байқоңырдағы «Союз» апатының астарында не тұр және бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Аязға байланысты Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды…

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.