• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Байқоңырдағы «Союз» апатының астарында не тұр және бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Байқоңырдағы «Союз» апатының астарында не тұр және бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

10 декабря, 2025 Басты тақырып
Фото: © BFM.RU

2025 жылдың 27 қарашасында Байқоңырда болған апат бірден әлем назарын аудартты. «Союз MS-28» ғарыш кемесі екі ресейлік ғарышкер мен бір NASA астронавтын орбитаға сәтті жеткізді. Бірақ салдарынан ғарыш айлағы үшін маңызды мәселелер пайда болды. BM.KZ редакциясы осы оқиғаның қалай болғанын, оның неге маңызды екенін және бұлдан кейін Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын түсіндіреді.

Space.com дерегінше, зымыранның ұшырылуы 31/6 алаңындағы маңызды инфрақұрылым элементтерін бұзған. Бұл — «Роскосмостың» адам тасымалдайтын зымырандарды ұшыратын жалғыз жұмыс істеп тұрған платформасы болатын. Яғни Ресей уақытша Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) адам жіберу мүмкіндігінен айырылды.

Дегенмен мамандардың айтуынша, апат өте күрделі болғанымен, оны «қайтымсыз апат» деп айтуға болмайды. Ең қызығы — дәл осы жағдай Байқоңырдың болашағы және Қазақстанның әлемдік ғарыш саласындағы рөлі туралы жаңа әңгімелерге жол ашып отыр.

Ғарыш айлағында нақты не болды?

Ұшыруға дайындық кезінде 31/6 старт кешенінде сирек кездесетін, бірақ өте ірі техникалық қателік орын алған. Салмағы 20 тонна болатын ауыр сервис платформасы бар — әдетте ол зымыраннан алыстап, қауіпсіз жерге бекітілуі керек. Алайда сол күні ол толық бекітілмей қалған.

«Союз» көтеріле бастағанда, зымыран қозғалтқыштарының қуатты отыны сол бекітілмеген платформаны қағып өтті. Нәтижесінде платформа құлап, от ағызатын арнаға түсіп кеткен. Осы құлау старт үстелінің астында орналасқан бірнеше маңызды механизмдерді бұзып жіберген. Бұның бәрі зымыран әуеге көтерілгеннен кейін болғандықтан, ғарышкерлердің өміріне еш қауіп төнбеді.

Space.com жариялаған дрон видеоларында құлаған платформа старт кешенінің бірнеше негізгі бөлігін зақымдағаны анық көрінеді. Сервис мұнарасының бір бөлігі майысқан, кабель жолдары мен техникалық бөлімдер бүлінген, сондай-ақ салқындату және жылудан қорғау жүйелерінің фрагменттері істен шыққан. Яғни бұл — жай бояп қойылатын жөндеу емес, старт кешенінің төменгі бөлігінің жалпы құрылымына келген үлкен зиян.

«Роскосмос» зақым бар екенін растады және қажетті қосалқы бөлшектердің бәрі бар екенін, ал жөндеу «ақылға қонымды мерзімде» аяқталатынын хабарлады. NASA сақтықпен пікір білдіріп, серіктестер ХҒС-ты қауіпсіз пайдалану үшін барлық әрекеттерді бірлесе үйлестіріп отырғанын атап өтті, бірақ нақты мәліметтерді жариялау мәселесін Ресей тарапына қалдырды

Осы тұста сарапшылардың пікірі тоғысты: бұл — соңғы жылдарда болған Байқоңырдағы ең ірі инфрақұрылымдық оқиға. Ол Ресейді уақытша адам тасымалдайтын кемелер мен «Прогресс» жүк аппараттарын ұшыру мүмкіндігінен айырды.

Дегенмен жағдай қайтымсыз емес: мамандардың есептеуінше, техникалық жағынан кешенді қалпына келтіруге болады. Жөндеу жұмыстарының қарқынына қарай, процесс 3 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін.

Мамандар не дейді?

Ғарыш саласының кәсіби мамандары Байқоңырдағы апатты өте маңызды оқиға ретінде бағалайды. Десе де, Ресейдің ғарыш бағдарламасына соққы болғанымен, күйрететін деңгейдегі жағдай емес деп отыр.

Space.com сарапшысы Леонард Дэвид апаттың жағымсыз әрі ауыр оқиға екенін мойындайды. Бірақ оны кейібр БАҚ таратқан «Ресей пилоттық ғарыш бағдарламасынан шығып кетті» деген дақпыртпен салыстыруға болмайтынын айтады. Оның сөзінше, мәселе техникалық бақылаудың әлсіреуінен шыққан. Бекітілмей қалған платформа зымыранның дүмпуі мен жоғары температураға шыдамаған. Соған қарамастан, ол Ресейдің осындай нысандарды қалпына келтіру тәжірибесі бар екенін атап өтеді — демек жөндеу жұмыстары әбден мүмкін.

Ars Technica сарапшыларының пікірі қатаңдау. Олар платформа құлауын «сирек кездесетін әрі өрескел жүйелік ақау» деп атап, бұл бүкіл саланың ішкі мәселелерін көрсетеді дейді. Олардың ойынша, техникалық жағынан жөндеу жасалса да, оның мерзімі «Роскосмос» айтқаннан әлдеқайда ұзақ болуы ықтимал. Себебі Ресейде ресурстар тапшылығы, білікті маман жетіспеушілігі және инфрақұрылымды басқарудағы созылмалы проблемалар бар.

Тәуелсіз сарапшылар Брайан Харви мен Скотт Мэнли екі аралық пікір ұстанады. Олар техникалық мамандар старт кешенін қайта іске қосуға қабілетті деп есептейді, қажет болса Плесецк сияқты басқа ғарыш айлақтарынан жабдық тасымалдауға да болады дейді. Олардың ұйымдастырушылық кідірістер болмаса жөндеу үш айдан алты айға дейін созылады деп болжап отыр.

Сонымен қатар кейбір сарапшылар бұл оқиғаны әлдеқайда күрделі деп бағалап, Ресейдің пилоттық ғарыш бағдарламасынан іс жүзінде шеттелуі мүмкін деген пікірлер айтып жатыр.

Роскосмос қалай жауап берді?

Байқоңырдағы апатқа Роскосмос қысқа да нұсқа жауап берді. Ведомство ұшырудан кейін жүргізілетін міндетті тексеріс кезінде «старт кешенінің бірнеше элементі зақымдалғанын» растады. Бірақ қандай бөліктер бүлінгені, зақымның көлемі немесе апаттың нақты себебі жөнінде жақ ашпады.

Ресми мәлімдемелерде тек жалпы фразалар болды: мамандыр «алаңның жағдайын бағалап жатыр», ал жөндеу «жақын уақытта орындалады», өйткені «барлық қажетті қосалқы бөлшектер дайын тұр».

Ең маңыздысы — Роскосмос сарапшылар айтып отырған басты нұсқаны түсіндіруге тырысқан жоқ. Яғни 20 тонналық сервис платформасының дұрыс бекітілмеген болуы мүмкін деген болжамды ведомство мүлде қозғамады. Тіпті «апат» деген сөзді қолданбай, оқиғаның мәнін жұмсартып беруге тырысқандай көрінді. Сондай-ақ кешеннің қашан қайта іске қосылатыны туралы алдын ала мерзім де айтылмады.

Ал бұл кезде Space.com жариялаған дрон кадрлары сервис мұнарасының бөліктері, кабель жолдары және техникалық жүйелер айтарлықтай бұзылғанын анық көрсетіп тұр. Сондықтан Роскосмос тарапынан байқалған ұстамдылық мамандардың пікірінше, шығынды іштей бағалау және ресми ұстанымды нақтылау үшін алынған уақыт болуы мүмкін.

NASA өз кезегінде алаң зақымданғанын білетінін, Халықаралық ғарыш станциясындағы жұмысты серіктестермен бірлесіп үйлестіріп жатқанын айтты. Бірақ оқиғаға қатысты барлық ресми түсіндірмелерді Роскосмосқа қалдырды. Бұл жағдай Байқоңырдың халықаралық маңызына қарамастан, старт кешені толықтай Роскосмос жауапкершілігінде екенін көрсетіп отыр.

Байқоңырдағы апат — маңызды белгі

Байқоңырдағы апат тағы бір маңызды нәрсені еске салды: бұл космодром — жай ғана жалға берілген объект емес. Бұл — екі мемлекеттің мүдделері түйісетін стратегиялық нүкте.

Байқоңыр 2050 жылға дейін Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген. Жыл сайынғы төлем — 115 млн доллар. Бірақ космодромның заңдық және операциялық моделі өте күрделі: жер — Қазақстандікі, инфрақұрылым — Ресейдікі, ал нысанның жалпы жағдайына екі жақ та жауапты.

Байқоңыр қаласының өзі де ерекше режимде өмір сүреді: онда рубль жүреді, ресейлік заңдар қолданылады, ал негізгі басқару шешімдерін Мәскеу қабылдайды. Сондықтан қаланың экономикасы тікелей Роскосмос белсенділігіне тәуелді. Осы себепті қазіргі апат маңызды сұрақ тудырып отыр: егер Ресей космодромды бұрынғы деңгейде ұстай алмаса немесе пилоттық бағдарламалардағы үлесін азайтса, не болады?

Бұған қоса, әлемде үлкен өзгерістер болып жатыр: жеке ғарыш компаниялары күшейді, Үндістан мен БАӘ өз бағдарламаларын кеңейтіп жатыр, Еуропа жаңа серіктестер іздеуде.

Осындай жағдайда Қазақстан Байқоңырдың рөлін қайта қарауға нақты мүмкіндік алып отыр. Космодром тек Ресейдің ғана алаңы болудан қалып, көпұлтты ғарыш орталығына айнала алады: халықаралық ұшырулар, жаңа мамандар даярлау, спутниктік жобаларды дамыту орын алуы мүмкін.

География, климат және қалыптасқан инфрақұрылым — мұның бәрі Қазақстанға кең ауқымды серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді: ЕО-дан бастап Түркия мен Үндістанға дейін.

Әрине, мұның бәрі жүзеге асуы үшін Қазақстанға жаңартылған ғарыш стратегиясы қажет. Қазір біздің рөліміз негізінен «жалға беруші» деңгейінде ғана. Бірақ әлемдік ғарыш саласы тым жылдам өзгеріп жатыр, ал біз тек қарап тұра алмаймыз.

Бүгінгі Байқоңырдағы апат — маңызды белгі: Қазақстанда Байқоңырды жай «кеңестік мұра» емес, заманауи ғарыш хабына айналдыруға мүмкіндік бар.

Диана Ыдырыс,
BM.KZ

NASA апат Байқоңыр Союз MS-28

Оқылып жатыр

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

«Атамекен» ҰКП президиумының жаңа төрағасы сайланды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Оқушылар арасында әскери оқу-жаттығу жиындары өтетін болды

Ғылым 24 января, 2026

Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Оқу-ағарту және Қорғаныс министрліктері бірлесіп, мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу…

Гүлмира Сәбденбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысы болды

24 января, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді

24 января, 2026

Мемлекетке 45 млн теңге залал келтірген азамат Испаниядан экстрадициялады

24 января, 2026

ІІМ Автонесиелеудің қылмыстық схемасын әшкереледі

23 января, 2026

Президент Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын спортшыларға Мемлекеттік туды тапсырды

23 января, 2026

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

23 января, 2026

Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

23 января, 2026

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

23 января, 2026

«Атамекен» ҰКП президиумының жаңа төрағасы сайланды

23 января, 2026

Қарағандыда Серік Сәпиевке қатысты жанжал бойынша тергеу жүріп жатыр

23 января, 2026

Қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы төленді

23 января, 2026

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді

23 января, 2026

«Отбасы банк» жеңілдетілген тұрғын үй алу талаптарын тиімдірек етті

23 января, 2026

Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

23 января, 2026

Голливудта «Оскар» номинанттары жарияланды

23 января, 2026

Жаңаөзенде заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

22 января, 2026

Australian Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

22 января, 2026

Людмила Прокашева: «Нагано Олимпиадасына Медеуде, жарықсыз дайындалдым»

22 января, 2026

Шымкентте жол ортасындағы төбелес: үш қылмыстық іс қозғалды

22 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.