Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қанды оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Макарово ауылында орын алған, деп хабарлайды МойГород.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 61 жастағы ер адамның денесі оқиғадан бір тәулік өткен соң табылған. Куәгерлер марқұмның денесі жертөлеге жасырылған болуы мүмкін дегенді айтады.
Аталған дерек бойынша Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қылмысқа күдікті тұлға анықталып, ұсталған.
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаменті.
