Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Амир Амири шамамен тоғыз ай бойы Ауғанстанда қамауда болған. Босатылғаннан кейін ол АҚШ Президентінің тұтқындар мәселесі бойынша арнайы елшісі Адам Белерге тапсырылғаны хабарланды, деп жазады Deutsche Welle.
Діни-радикалды «Талибан» қозғалысы 28 қыркүйек, жексенбі күні АҚШ азаматы Амир Амиридің босатылғанын жариялады. Бұрынғы тұтқын арнайы елшіге тапсырылды. Айта кету керек, осы айдың басында Вашингтон атынан өкілдер талибтермен тұтқындарды айырбастау мүмкіндігі жайлы келіссөздер жүргізген болатын.
Амиридің қамауға алыну жағдайы туралы ресми мәліметтер аз. Reuters агенттігінің сенімді деректеріне сүйенсек, ол 2024 жылдың желтоқсан айынан бері қамауда болған. Босатылған азамат өзінің туған еліне қайтарылудан бұрын Қатар астанасы Дохада медициналық тексерістен өтеді.
