• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Тамыз айында қандай өзгерістер орын алды

Тамыз айында қандай өзгерістер орын алды

4 августа, 2025 Жаңалықтар

Шымкент. 4 тамыз. BM.KZ/Нұргүл Ерғалиқызы/ – Жаздың соңғы айы, әлеуметтік заңнамалық және экономикалық өзгеріспен басталды. Мәселен, сұйытылған газдың бағасы көтерілді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Энергетика министрлігі елде сұйытылған мұнай газының бағасын 1 тамыздан бастап көтеру туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын. Жауаптылар, бұл әрекетті ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және газ өңдеу саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді деп түсіндірген.

«Бағаны түзету қажеттілігі сұйытылған мұнай газын өндірудің шығындылығының сақталуына байланысты туындап отыр. Қазіргі таңда сұйытылған газ өндірудің өзіндік құны тоннасына 70–80 мың теңге аралығында болса, зауыттар үшін белгіленген шекті көтерме баға — 51 932 теңге», — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, тұрғын үй нарығында қолма-қол есеп айырысуға тыйым салынды. Яғни, 1-ші тамыздан бастап үлестік құрылыс бойынша барлық есеп айырысулар тек банк арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қолма-қол ақша арқылы төлем жасау заңсыз деп есептеледі. Ұлттық банк бұл шараны қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіп отыр.

Бұл өзгеріс қаржы операцияларының ашықтығын қамтамасыз етуге, алаяқтықтың алдын алуға және құрылыс саласындағы заң бұзушылықтардың санын азайтуға бағытталған.

Бұдан бөлек, АҚШ Президенті Дональд Трамп, Қазақстан және бірқатар елге қарсы кедендік баж салығы туралы жарлыққа қол қойды. Импорттық баж мөлшері 10-нан 41 пайызға дейін жетеді. Оның ішінде, елімізге қатысты баж салығы 25 пайыз көлемінде болмақ. Айта кетейік, жаңа тариф 7 тамыз күні күшіне енеді.

Сауда және интеграция министрлігі бұл мәселеге қатысты келіссөздерді жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, жаңа тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа экспортының тек 4,8%-на ғана әсер етеді. Ал қалған 95,2% өнім жаңа баж салығынан тыс қалып, бұрынғыдай шектеусіз жеткізіле береді.

Сондай-ақ, ChatGPT Plus қымбаттайды. OpenAI 1 тамыздан бастап Қазақстанда ҚҚС енгізді. Жазылым бағасы 20 доллардан 22,40 долларға дейін өседі. Салық тек БСН көрсетпеген жеке тұлғаларға қолданылады. Заңды тұлғалар мен ЖК ҚҚС төлеуден босатылады.

Тағы бір өзгеріс, Қазақстанда газ баллондарын тіркеу міндеттелді. Бұл жаңа талап 1 тамыздан бастап күшіне енді және елдегі барлық газ баллондарын тіркеу процесін реттейді. Енді азаматтар мен кәсіпорындар газ баллондарын сатып алғаннан кейін, оларды арнайы органдарға тіркеуден өткізуі қажет.

Тіркеу рәсімінің негізгі мақсаты, газ баллондарының қауіпсіздігін арттыру, оларды пайдалану кезінде туындауы мүмкін оқыс оқиғаларды алдын алу. Сонымен қатар, жалпы қауіпсіздік стандарттарын күшейту дейді жауаптылар.

Сондай-ақ, бұл шара газ баллондарының нарығындағы заңсыз айналымды азайтуға бағытталған. Газ баллондарын тіркеу, тек үй шаруашылығында қолданатын газ құрылғыларына ғана емес, сонымен қатар өндірістік деңгейде пайдаланылатын баллондарға да қатысты болады.

1 тамыздан бастап электр энергиясының тарифтері көтерілді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, аймаққа және қызмет көрсететін компанияға байланысты электр энергиясының бағасы екі теңгеден асатын болды. Бұл ретте, 63 энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін 1 кВт*сағ электр энергиясының тарифі 44,02 теңге болып белгіленді.

Тарифтердің көтерілуі тұтынушыларға қосымша шығындар әкелуі мүмкін. Десе де, Энергетика министрлігі бұл шешімді электр энергиясын өндіру және жеткізу шығындарының артуымен және электр қуатын өндіру тиімділігін арттырумен байланыстырып отыр.

1 тамыздан бастап, ауыл шаруашылығы санағы басталды.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді. 1-31 тамыз аралығында онлайн сауалнама жүргізіледі. 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлер үйлерді аралайды.

Еліміз бойынша, санақ 2 млн үй шаруашылығын және 300 мың ауыл кәсіпкерін қамтиды деп жоспарлануда.

ChatGPT Plus газ баллон Өзгеріс электр энергиясы

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.