Астана. 12 қаңтар. BM.KZ — 2,4 млн жазылушысы бар танымал блогер Қайсар Камзаға іздеу жарияланды.
Бұл ақпарат құқықтық статистика базасында жарияланған. Іздестіру ісі 10 қаңтарда Астанада тіркелген.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігі қозғаған, ал іздестіру жұмыстарын елорданың Экономикалық тергеулер департаменті жүргізіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін ол заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын өткізгені үшін 1 179 600 теңге астам айыппұл төлеген.
