• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Экологиялық мәселелерге арналған алғашқы қор құрылмақ

Экологиялық мәселелерге арналған алғашқы қор құрылмақ

4 сентября, 2024 Басты тақырып

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ел экономикасын декарбонизациялауға ықпал ететін «Green Kazakhstan» атты қоғамдық қор құруды ұсынды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған экологиялық сын-қатерлерге жауап ретінде партия экологиялық жағдайды жақсартуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыратын қоғамдық қор құру идеясын көтеруде. Бұл туралы Астана қаласында партияның бас ғимаратында өткен пресс-конференцияда айтылды.

«Green Kazakhstan» қорының жұмысын бастаған соң ұлттық ESG-платформасын құрып, ұлттық ESG қағидаларын әзірлеп енгізуді көздеп отырмыз. Бұл бағытта халықтың сеніміне ие бірде бір қор жоқ. Мәселе елдің экологиясы мен экономикасына, денсаулық сақтау саласына тікелей байланысты болғандықтан қордың жұмыстары ашық әрі сенімді болуы тиіс. Яғни, қайда, қанша теңге аударылып жатыр, нәтижесінде қанша пайда алынды, барлық қаржылық операциялар туралы ақпарат ашық жарияланғаны жөн.

Айталық, елдегі ірі компаниялар ауаға шығаратын зиянкештерге квоталарды тегін алады. Біз көміртек бірліктеріне нақты баға қойып, биржа арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз. Қазіргі уақытта осы тетіктерді зерттеу үстіндеміз. Яғни, қор алдағы уақытта компанияларға квоталар алуға арналған ашық алаң болмақ», – деді «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев. Партия елдің экономикасын декарбонизациялау үшін жаңа бағытқа көшу қажеттігін алға тартады. Осы мақсатта көміртек биржасын енгізген өзге мемлекеттердің тәжірибесі зерттелу үстінде.

Жаңа қордың ашылуы мен жоспарлары Атырау қаласында «Байтақ» жасылдар партиясы және облыстық ішкі саясат басқармасының бірлесуімен өткен «Таза Қазақстанмен байтақ болашаққа бірге» атты пресс-конференцияның тақырыбына да арқау болды. Шарада Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының атқарушы хатшысы Нұрлан Көптілеутегі, Республикалық «Байтақ Болашақ» эко альянс қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Әлібек Қуаныш, «Байтақ» жасылдар партиясы Жасыл саясат департаментінін директоры Азамат Аяйберген сөз сөйлеп, жолдаудағы экологиялық тақырыптарға және қордың мақсатына тоқталып өтті.

 

«Қордың басты мақсаты – жасыл жобаларды, экологиялық тың бастамаларды қаржыландыру. Осыған байланысты әр өңірден экология бағытындағы ұсыныстарды, жобаларды қабылдауға дайынбыз. Алғашқы түсіндірме жұмыстарымыз Атырау өңірінен бастау алып отыр. Қордың мақсатына, бағыттарына қарай үкіметтік емес ұйымдардан қолдау күтеміз.

Экологиялық бағыттағы алғашқы қор өз жұмысын жақын арада бастайды. Алға қойған мақсаттарға жету үшін мемлекеттік органдармен, бизнес-құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істейміз деген ойдамыз. Айта кету керек, сонымен қатар қор «Қазақстан халқына» қорының үлгісі бойынша жұмыс істейтін болады» дейді Нұрлан Болатұлы.

Жиында спикерлер экологияны алдын-алуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың жұмысымен танысып, қоршаған ортаны қорғау, оған тың идеяларды әкеле отырып, ауқымды жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниетті ұйым, топ уәкілеттерімен өзара пікір алмасты.

 

Оқылып жатыр

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024842 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Ақорда 2 февраля, 2026

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Әсет Ерғалиев жаңа қызметке ауысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет…

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

2 февраля, 2026

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026

ІІМ көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады

2 февраля, 2026

Президент Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады

2 февраля, 2026

Алькарас «Үлкен дулығаны» толық жеңіп алған ең жас теннисші атанды

2 февраля, 2026

Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды

2 февраля, 2026

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.