Астана. 31 қаңтар. BM.KZ — Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлады. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылған. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Әзірге 5 ұңғыма пайдалануға берілді. «Теңізшевройл» компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», – деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.
Бұған дейін, 26 қаңтарда, Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысын жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізат қамтамасыз етіп тұр.
Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр.
