Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, балаға енді ұзақ уақыт оңалту қажет.
«Бір ай бойы қатаң төсек тәртібін сақтау керек. Кейін тұрғылықты жері бойынша оңалту орталығында бір жылға дейінгі кезеңде реабилитация қажет болады», – делінген ресми ақпаратта.
Ал анасының жағдайы әлі де ауыр. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған бірнеше ота жасаған.
Еске салайық, қайғылы оқиға 30 шілдеде болған еді. Әйел бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі ұлын лақтырып жіберген, кейін өзі де секірген. Үшеуі де шатырға құлаған. Балалардың бірі ауруханада көз жұмды.
