Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиеселі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында құны 66 млн доллар болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, 2011 жылы мұнай терминалы Асқар Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. Оның құны — 66 млн доллар.