• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Торғай даласына тағы 7 жабайы жылқы жеткізілді

Торғай даласына тағы 7 жабайы жылқы жеткізілді

9 июня, 2025 Басты тақырып

2025 жылғы 3 маусымда Қазақстанға Пржевальский жылқыларының жаңа тобы жеткізілді. Бұл – «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал.

Жеті кертағы Чехияның Прага зоопаркі мен Мажарстандағы Hortobágy ұлттық паркінен арнайы әскери ұшақтармен жеткізілді. 2 маусымда аттанған екі ұшақ 3 маусым күні таң ата Арқалық қаласындағы әуежайға қонды. Осыдан кейін жануарлар тағы бес сағат жол жүріп, Қостанай облысының оңтүстігіндегі «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына әкелінді.

Кертағылар алдағы бір жыл ішінде арнайы орталықтағы кең қашаларда бейімделіп, кейін Торғай даласына еркін жіберіледі. Орталықтағы инфрақұрылым мен мамандар іске  толық дайын.

– Бір жылдық тынымсыз еңбектің нәтижесінде екінші топ жылқылар аман-есен жетті. Бірінші легі қазірдің өзінде дала тіршілігіне бейімделіп, жабайы ортада өмір сүріп жатыр, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.

Жобаны Қазақстан тарапы Франкфурт зоология қоғамы, АСБК, Прага, Нюрнберг, Берлин және Tierpark Berlin зоопарктерімен, сондай-ақ Hortobágy ұлттық паркімен бірлесіп жүзеге асырады. Бұл бастама Моңғолияда сәтті іске асқан тәжірибе негізіне  сүйеніп жасалған.

Пржевальский жылқысы – әлемдегі жалғыз жабайы жылқы түрі. ХХ ғасырдың ортасында табиғаттан толық жойылып, тек зоопарктердегі дарақтары ғана сақталып қалған еді. Қазақстанда бұл жануарларды реинтродукциялау 2024 жылы жүзеге аса бастады.

Алғашқы топ 2024 жылғы маусымда жеткізілді. Олар Торғай даласының -30°C суығына төзіп, сәтті қыстап шықты. Умбре мен Веспе атты биелерге GPS-қарғыбау тағылып, олардың қозғалысы бақылауға алынды. Қауіпсіздік пен мониторинг жұмыстарын мемлекеттік инспекторлар мен АСБК мамандары бірлесіп жүргізеді.

АСБК атқарушы директоры Вера Воронова жобаның сәтті жүзеге асуына орталықтағы мамандардың еңбегі мен жануарларға жасалған жоғары күтім себеп болғанын айтты.

Жобаның мақсаты — 2029 жылға дейін Торғай даласында тұрақты, генетикалық тұрғыдан алуан жабайы популяция қалыптастыру. Ол үшін 40–45 кертағы жеткізу жоспарланған.

Пржевальский жылқысы (Equus przewalskii Poljakov) – Қазақстандағы сирек және жойылу қаупі төнген жануарлар тізіміне енген еді. Сондай-ақ, СИТЕС конвенциясының II қосымшасына кіреді. Қостанай облысындағы 489 766 гектарлық «Алтын Дала» резерваты – жерсіндіру үшін ең қолайлы мекен деп саналады. Бұл жер 2012 жылы құрылған, ал құлан мен кертағы жобалары 2017 жылдан бері сәтті жүзеге асып келеді.

Мамандардың айтуынша, жабайы жылқылар дала экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Олар шөп жамылғысын реттейді, топырақ құнарлылығын арттырады, өрт қаупін азайтады және өзге жануарлар үшін тіршілік жағдайын жақсартады.

арқалық жылқылар кертағы экожүйе

Оқылып жатыр

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

Әлем 1 февраля, 2026

Астана. 1 ақпан. BM.KZ – Әлемдік нарықта қымбат металдардың бағасы күрт төмендеді. Күміс бір күнде…

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026

Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі мен Қаржы министрлігін сотқа берді

31 января, 2026

Елімізде балалардың қауіпсіздігі жасанды интеллектпен бақыланбақ

31 января, 2026

Жаңа Конституция жобасы жарияланды

31 января, 2026

«Богатыр Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды

30 января, 2026

ҰБТ-да балл сатқан ақтөбелік мұғалім сотталды

30 января, 2026

Қазақстанда волонтерлердің цифрлық төлқұжаты жасалады

30 января, 2026

Жаңаөзенде жеті баланың анасын күйеуі пышақтап өлтірген

30 января, 2026

Өскеменде ауа сапасының нашарлауы салдарынан оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді

30 января, 2026

ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алғаны үшін тұтқындалды

30 января, 2026

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

30 января, 2026

Жұма күні елдегі қай жолдар жабық

30 января, 2026

Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

30 января, 2026

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

29 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.