Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу мақсатында табысын және отбасы мүшелерін әдейі жасырған азаматтар әшкереленді.
Тексеру нәтижесінде Сарыағаш ауданында – 11, Келес ауданында – 6, Мақтаарал ауданында – 2 тұрғын жалпы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденгені белгілі болды.
Сонымен қатар Келес ауданындағы 13 азамат өтініш беру кезінде отбасы мүшелерін қасақана жасырып, жиынтық табысты төмендеткен. Осылайша олар мемлекет қаржысынан 2,2 млн теңгені негізсіз алған.
