Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Себебі, қала тұрғындары жиі шағымданатын болған. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының халқымен кездесу барысында айтты.
Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары спорттық шаралар мен оған қатысушылар саны айтарлықтай өскен. Дегенмен әр демалыс сайын орталық көшелерді жабу тұрғындардың наразылығын туғызып отыр.
«Алдағы уақытта мұндай ауқымды жүгіру жарыстары жылына бірнеше рет қана өтетін болады. Әр жексенбіде Түркістан, Ақмешіт, Қонаев көшелерін жабу дұрыс емес. Көпшілік оған наразы. Сондықтан енді марафондарды барынша айналма жолдарға, велосипед жолдары мен басқа да тротуарларға көшіреміз. Белгілі бір жоспарлар бар», – дейді Жеңіс Қасымбек.
Осылайша, қала билігі спорттық шараларды сақтай отырып, тұрғындарға қолайсыздық тудырмау жолдарын қарастыруды көздеп отыр.
