Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Ұлыбританиялық BAE Systems корпорациясы Air Astana-дағы үлесінің жартысына жуығын сатпақшы.
Сатылымнан кейін BAE Systems корпорациясының Air Astana әуе компаниясындағы үлесі 9%-ға дейін қысқаруы мүмкін. Компания былтыр IPO-дан кейін үлесін 49%-дан 16,95 %-ға дейін азайтқан болатын.
Air Astana BAE Systems-дің үлесі азаятынын ресми түрде растады.
«Air Astana АҚ BAE Systems компаниясы үлесінің бір бөлігін жеделдетілген букбилдинг процесі арқылы сатуды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты назарға алғанын хабарлайды. Мәміленің егжей-тегжейі жария ақпараттарда көрсетілген», – деп мәлімдеді 17 желтоқсанда компания.
BAE Systems Ұлыбританияның ірі компаниясы. Ол – қару-жарақ, киберқауіпсіздік және аэроғарыш технологиясы саласында қызмет істейді. 2021 жылдан бері әуе компаниясының акционерлер қатарына енген.
Корпорация үлесін азайтса да, BAE Systems Air Astana компаниясының екінші ірі акционері ретінде өз позициясын сақтап қалады деген болжам айтылып отыр. Бірінші орында – «Самұрық-Қазына» (41%), ал БЖЗҚ – үшінші орында (6,51%).
2024 жылғы IPO-дан кейін компанияның меншік құрылымы өзгеріп, акцияларының айтарлықтай бөлігі қор нарығындағы еркін айналымға енген.
