Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – Ұлытау облысының прокурорлары Жаңаарқа ауданындағы пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды.
Прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады.
Жаңаарқа ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталған.
Қадағалау актісі бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 295 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылған.
