«Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры жемқорлықпен ұсталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі зауыт басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды, деп күдікке ілінген. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.