Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бір реттік зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен медициналық қызмет алуға арналған өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады.
«Отбасы банкі Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды», —делінген Отбасы банктің хабарламасында.
Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны жөнінде қосымша хабарланады.
