• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жаһандық апат: тарихи суреттер сыр шертеді

Жаһандық апат: тарихи суреттер сыр шертеді

31 марта, 2024 Қоршаған орта
Елімізге қаншама қайғы-қасірет әкелген полигон  1991 жылдың күзінде жабылды. Осылайша 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

 

 

1947 жылы тамызда КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен шартты түрде «№2 оқу полигоны» деп аталған Атом полигонын құру туралы қаулы қабылданды.Полигон құрылысы үшін Семейден батысқа қарай 140 шақырым жерде жан-жағы шағын таулармен қоршалған және халық көп шоғырландырылған жерден алшақ территория таңдалып алынды. Бұл аймақ темір жол, әуе және Ертіс өзені арқылы өтетін су көлігі қатынасының болуы және оңтүстік Оралдағы Атом өнеркәсібі жақындығымен қолайлы еді, полигонды басқару жұмысы И.В.Курчатовқа жүктелді. Мемлекет тарапынан жобаны КСРО Ішкі істер министрі Л.П.Берия басқарды.

 

 

2912bc200fb6f6598b52bb594701421a.jpg

Полигондағы сынақ трагедиясы 40 жылға созылды. 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды. 1953 жылғы тамызда термоядро қондырғысының, ал 1955 жылы А. Сахаров шығарған бомбаның сынағы өтті. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 456 әр түрлі ядролық жарылыстар жасалса, соның ішінде әуе мен жер астында – 116 сынақ жасалды.

 

9543c65eae897c3f1b28a340b2ab37a6.png

Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр-ге дейін жеткен. Семей ядролық полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті.

 

6960b642e7ae463212415ac7855a1586.JPG

Ядролық сынақ аумағы. Осы мақсатта арнайы 18 млн гектар жер бөлінген. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданының, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды.

 

84acac8924fdd1b2ef4b7352b836f56b.png

Кеңестік атом бомбаларының негізін салушы И.В.Курчатов. Ол 1903 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. КСРО Атом энергетикасы институтының тұңғыш директоры болған. 1943 жылдан КСРО ҒА академигі. Үш дүркін Социалистік Еңбек Ері. 1960 жылы Мәскеу қаласында дүниеден өткен. 

 

184f49d9bf5cb97bc7fe6097769490f3.png

1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 22 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Сол жарылыста сынақтан өткізілген РДС-1 сутегі бомбасы. 

 

a2055cebd400bec65cd284eace5587a8.JPG

1953 жылы Қарауыл елді мекенінде сынақ алаңында қалдырылып, жарылыс кезінде қаза тапқан құрбандар тізімі. 

 

f4782f838e234e95b0215422a115aeb2.png

ff17a42e97f626075184df3cc57e215e.png

02636d22fe83609373ee33d9d20e9977.png

Ядролық жарылыстан кейін пайда болатын әйгілі «саңырауқұлақтар». Мысалы 1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегіндегі жарылыс қуаты 480 килотонна болған. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілген. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрған екен.

 

ad3ad1c72f0a8e70ad92da8eb25d28e4.JPG

Ядролық сынақтарға шыдас берген бетон қабырғалар. Кей сынақтарда шыдас бермеген бетондар балқып кеткен екен. 

 

969cdb7c12a6d91d58afc243d9d88f86.png

1965 жылы қаңтар айында жасалған жарылыс-сынақта 3,5 миллион текше метр топырақ көкке ұшқан. Бұл сынақтың мақсаты – жасанды су қоймасын жасау еді. Сынақ нәтижесінде пайда болған «көл» көрінісі. «Айна» түріндегі су қоймасы бетінің диаметрі 400 метр, тереңдігі 100 метр шамасында. Жасанды көл радиоактивті ыдыраудың қалдықтарымен ластанған. 

79dd7bd2173c0d90d7a5f430e5ff6867.png

Ядролық сынақтар нәтижесінде пайда болған «кратерлер».

 

afe846a9b400666b1a5024f206496d24.JPG

Жер асты сынақ өткізу орындары. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрған. Осынау жарылыстың салдарынан бір кездері жартастардан құралған Дегелең тауы қиыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатқан. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізілген кезде, үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылған. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. 

 

88748589f709fd34bab88d0e2c8b6739.png

7c9b1ff78dd2a80c22c3cc889cad691f.png

Ядролық жанталаса қарулану мен түрлі сынақтардың құрбандары. 

Алайда елімізге қаншама қайғы-қасірет әкелген полигон Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылдың күзінде жабылды. Осылайша 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Қазақстан  АҚШ, Ресей, Франция елдерінің басшыларымен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне кепілдік берді. Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді.

 

dd18b224b04f0449795d41f8a13a5294.png

Сынақ алаңының қақпасы мәңгіге жабылған сәт. 

a741f7b3c95c7ac425bc2138d1c6585f.jpg

1992 жылдың мамырында полигон базасы негізінде Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық құрылды. Бұл орталық ҚР атом энергетикасын дамыту бағдарламасын қолдаудағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, нақты аймақтардағы атом станцияларын салуды техникалық-экономикалық негіздеу, атом энергетикасы мен термоядролық энергетика қауіпсіздігі, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторлық материалтану бағыттары бойынша жұмыстар жасауда. 

Дайындаған Олжас БЕРКІНБАЕВ

Оқылып жатыр

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

Байқоңырдағы «Союз» апатының астарында не тұр және бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Аязға байланысты Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.