• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жалақы кешіксе, әр күніне қанша өсімпұл қосылады? Заңгер пікірі

Жалақы кешіксе, әр күніне қанша өсімпұл қосылады? Заңгер пікірі

27 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: gov.kz

Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жалақыны уақытында төлемесе, әр кешіккен күн үшін қызметкерге қосымша өтемақы төлеуге міндетті.

Заңгерлердің айтуынша, өсімпұл Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес есептеледі. Қазір оның деңгейі – 16,5%, ал күн сайынғы есеп шамамен 0,06% құрайды

«Еңбек кодексінің 113-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші қызметкерге берешекті және төлемді кешіктірген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері еңбекақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесін негізге алына отырып есептеледі және төлемдер жүргізілуге тиіс келесі күннен бастап төлем күніне дейін әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін есепке жазылады», – дейді заңгер Сайкен Айсин.

Қолданыстағы заң бойынша жұмыс істеген айдың еңбекақысы келесі айдың 10-ына дейін берілуі керек. Одан асқан жағдайда әр күн үшін пайыздық үстемақы қаралғанын айтады адвокат.

«Мысалы, шілде айының жалақысы 20 тамызда берілсе, оған қоса 10 күндік өсімпұл берілуге тиіс. Әрбір кешіктірілген күн үшін жалақының қанша пайызын төлеу керектігін анықтау үшін базалық мөлшерлемені (16,5%) 1,25-ке көбейтеміз және 365-ке бөлеміз (бір жылдағы күнтізбелік күндер саны) күніне 0,06% шығады», – дейді ол.

Толықтырып айтар болсақ, 1 тұрғын 200 мың теңге айлық алады делік. Жалақысы кешіккен жағдайда өсімпұл күніне 120 теңге болып есептеледі. Оны есептеу үшін 200 000 теңгені 0,06%-ке көбейткенде 120 теңге шығады. Сәйкесінше, мерзімі өткен 10 күн үшін өсімпұл 1 200 теңгені құрауы мүмкін.

Ал елімізде жыл басынан бері 3,5 мыңнан астам жұмысшы маңдай тер ақшасын ала алмай қалған. Еңбек инспекциясының араласуымен 239 кәсіпорын қызметкерлеріне 1,4 млрд теңге қарыз екені анықталған. Мекемелерге құзырлы орган тарапынан шара қолданылып, қазір оның 1,1 млрд-ы өндірілген.

«Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 3,4 мыңнан астам жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 1,1 млрд теңге төленді», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі берген хабарламада.

Бұдан бөлек, еңбек заңнамасының сақталуына қатысты еңбек инспекторлары 3 514 тексеру жүргізген. Жауаптылар мәліметінше, соның нәтижесінде 4 132 бұзушылықты анықтап, шара қолданды. Құқығы тапталғандар саны 25 мыңнан асқан.

ақша еңбек жалақы Заң өсімпұл Сайкен Айсин

Оқылып жатыр

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.