Астана. 6 қазан. BM.KZ – Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді.
Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген.
Қазақстан ТЖМ командалық орталығы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қ. ТЖД базасында жедел штаб құрылды.
Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3. Магнитудасы MPV 5.9.
– Жер дүмпуі Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде сезілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес зардап шеккендер және бүлінген әлеуметтік нысандар туралы деректер тіркелмеді. Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бақылауында. ТЖД базасында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Зерделеу жұмыстары жалғасуда.
Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды: ҚР ТЖМ командалық орталығы — 87172-704118, Жамбыл облысы ТЖД — 87262-513575, делінген Жамбыл облысы әкімдігі жариялаған ресми ақпаратта.
