Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
44 жастағы әйел пышақ жарақаты салдарынан мерт болған. Артында қалған жеті баласының бесеуі кәмелет жасына толмаған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс жасады деген күдік марқұмның жұбайына түскен. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, ол қайғылы жағдаймен аяқталған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтіргенін хабарланған болатынбыз.
