Жер сілкінісіне байланысты Алматыдан басқа қалаларға қоныс аударғысы келетіндер көбейген
Жер сілкінісіне байланысты Алматыдан мүлдем қоныс аударғысы келетіндер де бар. Ондайлардың көбі Астана қаласына жалдамалы пәтерлерге көшкен.
«Қаңтар айынан бері Астанадағы жалға берілетін пәтерлерді көбіне алматылық тұрғындар сұрайды. Біразы көшіп келді. Осы екі күннің ішінде «мегаполистен қоныс аудармақшымыз, тез арада пәтер керек» деген біршама адам хабарласты. Құны жағынан да сәл қымбаттады”, – дейді риелтор Назгүл Мәлікжан.