Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Жетісу облысында азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Жетісу облыстық ТЖД.
2026 жылғы 15 ақпанда 18:45 шамасында Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан «Малика» азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өрт болмаған.
Оқиға салдарынан сыртқы қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, зақымдану аумағы шамамен 36 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері жедел жетіп, жалпы 27 жеке құрам, 6 техника жұмылдырылды.
Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті. Медициналық тексеруден кейін олар аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Науқастардың жағдайлары – орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
