• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «ЖИ адамнан жылдам, бірақ дипломат емес». Қазақстанда ЖИ-министр қашан болады?

«ЖИ адамнан жылдам, бірақ дипломат емес». Қазақстанда ЖИ-министр қашан болады?

15 сентября, 2025 Басты тақырып
Евгений Недельский. Фото: соцсети

Алдағы уақытта Көлік, Экология, Қаржы министрліктері толықтай виртуалды болуы мүмкін.

Елімізде жасанды интеллект министрлігі құрылатыны туралы жаңалыққа тамсанып жатқанда, Албаниядан тағы бір хабар жетті. Ол жақта ЖИ (жасанды интеллект) министрліктің өзін басқаратын болды. Балқан түбегіндегі жылдам өрбіген осы жайттардан соң біз де өз еліміздің жағдайына бейімдеп көрдік. Байқап қарасақ, мұндай сценарий бізде де алыс емес сияқты. Мұны IT-технологиялар саласының маманы Евгений Недельский де растайды.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы «цифрлық» Жолдауына сүйенсек, жағдай дәл осы бағытта дамып келеді, бірақ көптеген нюанс бар.

«Шетелдегі қандай да бір жаңалықты оқысам, әрқашан Қазақстандағы жоғары деңгейдегі цифрландыруды еске аламын. Оны шетелдік қонақтар бірнеше рет мойындаған. Албания адам басқаратын министрліктердің бірқатар функциясын ЖИ-ға біртіндеп беруді жоспарлап отыр. Бұл олардың ашықтығы мен объективтілігін арттырады. Мұндай тәжірибе Қазақстанда мүмкін бе? Иә, мүмкін, бірақ шектеулі форматта. Қазіргі сәтте мұны ауқымды міндеттері бар министрдің толыққанды орнын басу емес, пилоттық енгізу кезеңі ретінде қарастырған дұрыс», – деп атап өтті Евгений Недельский.

Эксперттің пікірінше, ЖИ-ді толыққанды «шенеунік» әрі бейтарап басқарушы ету үшін бірнеше шарт қажет.

«Біріншіден, «Цифрлық кодексті» әзірлеуді аяқтап, қабылдау керек. Екіншіден, «суперкомпьютерді» жаппай қолданысқа енгізіп, IT-инфрақұрылымды (есептеу қуаты, деректердің қауіпсіз қоймалары, сапа стандарттары) дамыту қажет. Үшіншіден, ЖИ мамандарын да, онымен жұмыс істейтін, шешімдерін бағалайтын әрі қадағалайтын кадрларды да дайындау маңызды. Сонымен қатар, алдымен орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар деңгейінде пилоттық жобалар өткізіп, шимай-шатпақ міндеттерді ЖИ-ге беру керек. Тәуекелі ең аз және ең көп пайда әкелетін бағыттардан бастауға болады – мысалы, әкімшілік рәсімдер, бюрократия, деректерді өңдеу, мониторинг және т.б.», – дейді сарапшы.

Евгений Недельскийдің ойынша, Қазақстан алдағы 2-3 жылда Албания тәжірибесін мемлекеттік сатып алу мен бюджеттік әкімшілендіру саласында қолдануы ықтимал.

«Бірақ толыққанды «ЖИ-министрге» (міндеттері мен жауапкершілігі бар) әзірге дайын емеспіз. Барлық ықтимал тәуекелді азайту үшін дайындық жолынан өтіп, нормалар қалыптастырып, халықтың ЖИ-ге деген сенімін арттыруымыз қажет», – дейді ол.

BM.KZ тілшісінің «Қазақстандағы қай министрлікті ЖИ басқара алар еді?» деген сұрағына Евгений бірден бірнеше нұсқаны атады.

«Жақсы сұрақ! Әзірге ЖИ-ді «күштік» немесе саяси министрліктердің (қорғаныс, СІМ, ІІМ және т.б.) басына қоюға болмайды деп ойлаймын – ол жерде адами фактор тым көп, дипломатия мен жауапкершілік бар. Бірақ бірқатар салада «ЖИ-министр» шынымен тиімділікті арттырып, сыбайлас жемқорлықты азайта алады. Мысалы, мемлекеттік сатып алу және қаржы. Мұнда көптеген қағаз рәсімдер, тендерлер, тексерулер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Албания да дәл осы салада ЖИ-министрді іске қосты. Қазақстанда да ЖИ-ге тендерлерді автоматты тексеру, бюджетті талдау, шығыстар тиімділігін бақылау міндеттерін беруге болады. Сондай-ақ, ЖИ экология және табиғи ресурстар саласында да қолайлы. Шығарындыларды, суды, топырақты, климатты бақылау – ЖИ жақсы талдайтын деректер. Экологиялық тәуекелдерді болжауға, автоматты түрде заңбұзушылықтарды анықтауға (мысалы, спутник деректері немесе датчиктер арқылы) мүмкіндік береді. ЖИ көлік және логистика саласында да пайдалы болар еді. Көлік ағындары, кептелістер, логистика – үлкен деректерді қажет ететін міндеттер. Мұнда «ЖИ-министр» жол қозғалысы схемаларын, қоғамдық көлікті басқаруды, теміржол мен порттардағы логистиканы бақылап, оңтайландыру ұсынуы мүмкін», – деп болжам жасады Недельский.

Бұл салаларда деректерді өңдеу басты орында. Сондықтан ЖИ адамнан жылдамдық, дәлдік және бейтараптық бойынша асып түсе алады. Әрине, ЖИ-ді толық бақылаусыз қалдыруға болмайды – саяси және этикалық қадағалау міндетті.

Президенттің Жолдауына қайта орала отырып, Евгений Недельский Қазақстандағы жасанды интеллект министрлігінің қандай болатынын өз пайымымен сипаттап берді.

«Ол дәстүрлі салалық ведомство емес, «супер-реттеуші» әрі цифрлық экожүйенің «мета-үйлестірушісі» ретінде көрінеді. Яғни, бұл Қазақстанның цифрлық трансформациясының үдеткіші болатын, реттеуші, зерттеу орталығы және технология интеграторы функцияларын біріктіретін болашақ министрлік.

Қазір Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрландыру мен ЖИ енгізу үшін жауап береді. Бірақ оның құзырында инновациялар, телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік және аэроғарыш саласы да бар. Мұндай ауқымды міндеттер бір ведомство үшін тым көп, бағыттары қиылысады, бірақ әрқайсысы бөлек басқару логикасын талап етеді.

Менің ойымша, жауапкершілікті мынадай түрде бөлу орынды болар еді: цифрландыру мен жасанды интеллект – жаңа ЖИ министрлігіне; ақпараттық қауіпсіздік пен телекоммуникациялар – ұлттық қауіпсіздік жүйесіне; инновациялар – білім және ғылым саласына; аэроғарыш өнеркәсібі – қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне берілуі тиіс. Мұндай бөлу бір министрліктің шамадан тыс жүктелуін болдырмай, әр бағытты тиімді басқаруға жол ашар еді», – дейді сарапшы.

Темірлан Құсбаев,

Астана

BM.KZ

Албания Евгений Недельский жасанды интеллект ЖИ министр

Оқылып жатыр

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

Басты тақырып 28 января, 2026

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 2026…

Рыбакина жартылай финалға өтті — Australian Open

28 января, 2026

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

28 января, 2026

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

27 января, 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.