Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің нысандары мен бланкілеріне өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер дайындады.
Жобадағы негізгі мақсат құжаттардан электронды чипті алып тастау. Министрлік мұндай қадамды қаржылық жағынан тиімді деп санайды.
ІІМ түсіндіруінше, чип-модульдерді орнату мен пайдалану қосымша шығынды талап етеді, ал олардың қызметін қазір мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелер толық атқарып отыр. Осы себепті чиптен бас тарту бюджет қаржысын үнемдеуге және құжат дайындау рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында 22 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
