• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Каспий итбалығы неден қырылып жатыр

Каспий итбалығы неден қырылып жатыр

21 ноября, 2024 Басты тақырып

Қазан және қараша айларында Каспий теңізінің Қазақстан тарапындағы жағалауынан 2 мыңға жуық өлі итбалық табылды. Бұл жайттың нақты себептері әлі анықталмады. Сарапшылар тек болжамдарымен шектелсе, экологиялық белсенділер күдік пен жаңа айыптаулар тағып жатыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Итбалықтардың қырылуы туралы не белгілі

24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауынан итбалықтың мыңдаған өлексесін тапты.

«Маңғыстау облысының жағалау белдеуін — Құлалы, Теңіз, Подгорный, Новый аралдарын, сондай-ақ Қаражанбас пен Қаламқас кен орындарының аумағын тікұшақпен барлау барысында тағы 834 итбалық ұшасы анықталған. Негізгі 500-ден астам бөлігі Құлалы аралынан табылған. Осы аралықта бас-аяғы 1 989 өлі итбалық қаңқасын жинап алдық», — делінген хабарламада.

Әуеден шолу видеосы

Бұл жағдай жануарлардың қырылу себептерін зерттеуге кіріскен отандық мамандардың алаңдаушылығын тудырды. Жұмысқа Гидробиология және экология институты, Итбалықтарды зерттеу және оңалту орталығы, сондай-ақ Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институты қосылды.

Сондай-ақ итбалықтардың қырылуына ықпал етуі мүмкін басқа да факторларды анықтау үшін Балық инспекциясы Каспий теңізі акваториясы мен аумақтық суларына мониторинг жүргізіп жатыр. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инфекциялық аурулардың бар-жоғын тексеру үшін сынамалар алды.

Балық шаруашылығы комитеті ықтимал себептердің бірі ретінде теңіздегі жер сілкінісі салдарынан жерасты газдарының бөлінуін қарастырып отыр. Зерттеулердің қорытындысы 3-4 айда белгілі болады. Зерттеулер аяқталған соң ғана түпкілікті қорытындылар жасалады, ғалымдардың айтуынша, бұл жұмыстар 3-4 ай уақыт алады.

итбалық
Фото: Lada.kz

Жойылып бара жатқан түр

Әзербайжандық сарапшылардың пікірінше, Каспий итбалығының болашағы аймақтағы сақтау шараларын үйлестіруге тікелей байланысты. 2008 жылы Халықаралық табиғатты қорғау одағы бұл түрді жойылып кету қаупі бар деп жіктеген.

Ондаған жылдар бойы мұнай барлау, өнеркәсіптік ластану және шамадан тыс балық аулау Каспий экожүйесіне зиян келтіріп, 1970 жылдардан бері итбалықтар санын екі есеге азайтты. ХХ ғасырдың басында итбалықтар саны 1,2 миллионға жетсе, бүгінде 75 000-270 000-ға дейін азайып қалған.

Әзербайжан ғалымдарының зерттеулері де бұл көңілсіз көрсеткішті растайды: жыл сайын дауылдан кейін Әзербайжан жағындағы Каспийдің солтүстік жағалауына 2000-ға жуық итбалық өлексесі жағаға шығып қалады.

Атап айтқанда, 2000 жылы Әзірбайжан жағалауынан 6000-ға жуық өлі итбалық табылды, ал Қазақстан 10 000-нан астам итбалық қырылғанын хабарлады. Бүкіл Каспий аймағында тек сол жылы 30 мың итбалық қырылды.

Бүгінгі таңда Әзербайжан зерттеушілері Каспий экожүйесінің жай-күйін талқылайтын Махачкаладағы конференцияларға қатысып жүр. Ресейдің Каспий биологиялық ресурстар институты ұйымдастырған іс-шара аймақтың алдында тұрған өзекті экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған.

итбалық
Фото: Azertag.az

Ластану және пестицидтер

Зерттеуші Тариэль Эйбатовтың пікірінше, Каспий теңізінің ластануы итбалықтардың азаюына әсер ететін тағы бір маңызды фактор болып отыр.

Оның айтуынша, Ресей мен Әзербайжандағы Еділ мен Кура өзендерінің сағасына жақын сулар гексахлоран мен басқа да ауылшаруашылық пестицидтерінің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл химиялық заттар итбалықтардың майында жиналып, жемтік іздеп оңтүстікке көшкенде улы концентрацияға айналады.

«Итбалықтар тері астындағы майға қор жинайды, оның қалыңдығы 15 сантиметрге жетуі мүмкін. Бұл майдың құрамында ластанған сулардан сіңірілген зиянды токсиндер бар, — дейді Эйбатов. — Ұрғашы итбалықтар көбею үшін солтүстікке кеткенде, үш айлық ашығу кезеңінде қоректену үшін үшін осы қорды пайдаланады. Нәтижесінде олардың ағзасындағы токсиндердің деңгейі күрт артып, қысырлық пен сәтсіз буаздыққа әкеледі».

итбалық
Фото: Oregon explorer

Балық аулары және браконьерлік

Заңсыз балық аулау ісі де үлкен қауіп төндіреді. Көптеген итбалықтар Ресей мен Әзербайжандағы браконьерлер орнатқан торларға түседі. Осынша қауіп-қатерге қарамастан, итбалықтардың жалпы саны салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда, деп атап өтті Тариэль Эйбатов.

Алайда, сарапшы Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне және негізгі қорек көзі саналатын балық қорының азаюына байланысты дәл осы итбалық түріне қауіп төніп тұрғанын ескертті. Сонымен бірге, зерттеуші жаһандық жылыну итбалықтардың санына әсер етеді деген пікірлерге қарсы шығып, адамның іс-әрекетін басты фактор ретінде атап өтті.

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының басшысы Данияр Әкімжанов балық аулау торларын итбалықтар өлімінің негізгі себебі деп санамайды.

«Итбалықтардың қырылу жыл сайын күз және көктем айларында қайталанып отыр. Біздің балықшылар Каспий теңізіне ауды жыл бойына салады. Сондай-ақ, аулары 24 сағат бойы судың астында жатады. Ендеше, итбалықтар неге тек күзде, көктемде өледі деген сұрақ туындайды. Басқа бағыттардан іздеу керек деп ойлаймын. Ғылыми зерттеу институттары дұрыс жұмыс істеулері керек. Сынамалар алады, бірақ нәтижелері бізді қанағаттандырмайды. Әлі күнге нақты себебін айта алмай отыр», — дейді Данияр Әкімжанов.

Қауымдастық басшысы жағалаудан итбалықтармен қатар, құстар мен бекіре тұқымдас балықтардың да өлекселері табылып жатқанын мәлімдеді.

Оқылып жатыр

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024842 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

Әлем 2 февраля, 2026

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Грэмми-2026 сыйлығының «Жылдың үздік альбомы» атағын пуэрторикалық рэпер Bad Bunny-дің…

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026

ІІМ көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады

2 февраля, 2026

Президент Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады

2 февраля, 2026

Алькарас «Үлкен дулығаны» толық жеңіп алған ең жас теннисші атанды

2 февраля, 2026

Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды

2 февраля, 2026

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026

Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі мен Қаржы министрлігін сотқа берді

31 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.