Қостанай облысында ауылдық округ әкімінің мәйіті табылды
Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып қалды. «Тобылинфо»АА хабарлағандай, шенеунік өзін-өзі өлтірген деп болжайды. Мәйіт өз үйінің ауласынан табылды.
«Ұзынкөл ауданында ер адамның денесі табылып, қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тиісті сараптамалар тағайындалды «, — деп хабарлады полиция.