• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?

Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?

22 октября, 2024 Жаңалықтар

Украина мен Оңтүстік Корея шенеуніктері Солтүстік Кореяны Ресейге көмектесу үшін Украинадағы соғысқа мыңдаған жауынгер жіберді деп айыптады, деп хабарлайды Баймедиа.кз.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ким Чен Ын Украинаға офицерлерін жөнелтіп, мыңдаған сарбаз жіберуге дайындалып жатыр. Мәскеу де, Пхеньян да тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Ал АҚШ өкілдері бұл туралы хабарларды әлі де зерттеп жатқандарын мәлімдеді.

ҚАНДАЙ ХАБАР ТАРАДЫ?

Президент Владимир Зеленский бейсенбі күні Солтүстік Кореяны Ресеймен бірігіп, Украинаға офицерлер жіберіп, Мәскеудің соғыс әрекеттеріне көмектесу үшін 10 000 сарбазын дайындап жатқанын хабарлады.

Жұма күні Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі (NIS) Солтүстіктің Ресейдің Қиыр Шығысындағы әскери базаларға жаттығуға және климатқа бейімделуге арнайы күштердің 1500 жауынгерін  жөнелтілгенін мәлімдеді. Бұл сарбаздар кейіннен соғысқа аттануы мүмкін.

Сонымен қатар, Оңтүстік Корея Украинадағы майдан шебіне жақын аудандарға  барған солтүстіккореялық ондаған офицерден тұратын делегацияны анықтау үшін AI бет-әлпетті тану технологиясын қолданғанын айтты. Ресми Сеулдің мәлімдеуінше, Ресей бұл адамдарды Солтүстік Кореяда жасалған KN-23 баллистикалық зымырандары туралы нұсқаулар беру үшін пайдаланып отыр.

Ресейдің Тынық мұхит флотының кемелері Солтүстік Кореяның арнайы күштерінің жауынгерлерін қазанның 8-і мен 13-і аралығында Владивостокқа апарғаны анықталған. NIS болжамынша, жақын арада бұл әрекет қайталануы мүмкін.

NIS таратқан өзге бір мәліметке қарағанда, солтүстіккореялық әскерилер ұрысқа шығар алдында ресейлік әскери киімдерді киіп, қару-жарақпен және жалған жеке куәліктермен қамтамасыз етілген.

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ РЕСЕЙГЕ НЕГЕ КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР?

Ресей президенті Владимир Путин маусым айында Пхеньянға сапары кезінде Ким Чен Ынмен қол қойған келісімге сәйкес, тараптар сыртқы агрессияға тойтарыс беру үшін бір-біріне көмектесуге тиіс.

Алайда, бұл келісім Корей түбегінде қақтығыс басталса, Ресей Пхеньянды қолдауға килігеді немесе Ресей Батыспен жанжалдасса, Солтүстік Корея Мәскеудің жағына шығады дегенді білдіре ме? Осы сұраққа Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жауап бере отырып, аталған пактіні «барлық салаларда, соның ішінде қауіпсіздік мәселесінде стратегиялық терең ынтымақтастықты білдіретін құжат» деп сипаттады.

Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея Ресейге қару мен адам күшін бере отырып, майдан даласында қалай әрекет етудің қыр-сырын түсініп, тәжірибе жинай алады.

Шетелдік барлау агенттіктері мен сарапшылар зерттеген спутниктік суреттерге қарағанда, ядролық қару бағдарламасы үшін үлкен санкция алынған Пхеньян Ресейден мұнай мен басқа да өнімдерді импорттар жатқан сияқты.

Оңтүстік Кореяның NIS ұйымына қарасты сараптама орталығының баяндамасына жүгінсек, қолма-қол ақша тапшылығына ұшыраған Солтүстік Корея өткен жылы Ресейге қару сатудан шамамен 540 миллион доллар табыс тапқан.

РЕАКЦИЯ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

Дүйсенбіде Оңтүстік Корея Ресей елшісіне осы мәселе бойынша наразылық білдірді. Кремль өкілі Песков болса, Солтүстік Кореяның Украинадағы әскері туралы ақпаратты «жалған жаңалық» деп атады.

Сенбіде АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Солтүстік Кореяның Украинадағы соғыс үшін Ресейге әскер жібергені туралы ақпаратты растай алмайтынын айтты. Бірақ, оның сөзінше, егер рас болса, мұндай қадам алаңдаушылыққа себеп болуы мүмкін.

НАТО басшысы Марк Рютте де өткен аптада Пхеньянның Украинадағы соғысқа араласып жатқанына әзірге ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармердің ойынша, егер бұл хабарлар расталанатын болса, олар Ресейдің «жанталас деңгейін көрсетер» еді.

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ӘСКЕРІНІҢ ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ МҮМКІН?

Оңтүстік Корея, Украина, АҚШ және тәуелсіз зерттеушілер Ресей Солтүстік Кореяда жасалған ондаған баллистикалық зымыранды ұшырып, Пхеньяннан көп мөлшерде артиллериялық снарядтар мен танкке қарсы ракеталар алды деп есептейді.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Ресей Солтүстік Корея әскерін жер-жерде пайдалануы ықтимал. Бірақ сол әскерлер өз елінің қару-жарағы сияқты майдандағы жағдайды өзгерте алмаса да, қақтығыстардың ұзаққа созылуына үлес қосуы әбден мүмкін.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.