• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ауасы өте лас 5 қала, балық өспейтін 3 өзен

Ауасы өте лас 5 қала, балық өспейтін 3 өзен

21 октября, 2024 Жаңалықтар

2024 жылдың алғашқы жартысындағы деректер Қазақстандағы экологиялық жағдайдың күрделенгенін көрсетеді. Елдегі 70 елді мекеннің ішінде 5 қала өте жоғары ауа ластану деңгейіне жеткен, су ресурстары да сын көтермейтін жағдайда. Тіпті кейбір су айдындарының тек өнеркәсіптік мақсаттарда ғана қолдануға жарамды екені анықталған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берген хатында баяндады.

Қазақстанның 5 бірдей қаласында ауа өте қатты ластанған

Министрлік мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан Республикасының атмосфералық ауасының сапасын бағалау қорытындысы бойынша елдегі бірқатар қалалардың экологиялық жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр. 70 елді мекеннің ішінде 5 қала өте жоғары ластану деңгейіне, ал 21 елді мекен жоғары ластану деңгейіне жатқызылды. Бұл деректер экологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын көрсетеді.

Ауа сапасы жақсырақ 16 елді мекеннің қатарына Көкшетау, Степногорск, Саран, Қордай және тағы басқа қалалар жатқызылған. Бұл аймақтарда экологиялық жағдай біршама жақсырақ екен.

28 қала мен елді мекен ластану деңгейі орташа деп танылыпты. Олардың ішінде Атырау, Ақтау, Шымкент, Жезқазған, Тараз сияқты ірі қалалар бар. Бұл аймақтарда атмосфералық ауаның сапасы салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, экологиялық мәселелер шешуді талап етеді.

Үшінші топқа ластану деңгейі жоғары деп танылған 21 қала кіреді екен. Бұл қалаларға Алматы, Өскемен, Теміртау, Балқаш, Орал, Риддер, Сәтбаев, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Түркістан және тағы басқа қалалар жатады. Ауаның ластануының жоғары деңгейі өндірістік кәсіпорындар мен автокөліктерден шығатын газдармен тығыз байланысты. Мысалы, Алматыдағы жоғары көлік тығыздығы ауаның сапасына айтарлықтай әсер етіпті.

2024 жылдың алғашқы алты айында ең ластанған қалалар Қарағанды, Астана, Талғар, Ақтөбе және Ақсай болып танылды. Бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі өте жоғары деңгейге жеткен. Әсіресе Қарағанды мен Атырауда жағдай ерекше алаңдатарлық. Биыл Қарағандыда – 94 рет, Атырауда – 91 рет жоғары ластану оқиғасы тіркелген. Мұндай көрсеткіштер көбінесе өндірістік аймақтардың көптігімен және өнеркәсіптік шығарындылардың әсерімен байланысты, – делінген министрлік хабарламасында.

2024 жылдың алғашқы жартысында алынған су сапасы нәтижелері бойынша бірнеше санатқа бөлінді:

  1. Ең жақсы сапа – барлық мақсаттар үшін қолайлы су. Ертіс өзені (Павлодар облысы).
  2. Жақсы сапа – шаруашылық және өнеркәсіпке жарамды. Ертіс өзені (ШҚО).
  3. Орташа сапа – балық өсіру, суару және өнеркәсіп үшін жарамды. Талас, Аса, Шу, Іле өзендері.
  4. Төмен сапа – тек өнеркәсіпке жарамды. Жайық өзені (Атырау облысы), Есіл өзені (Ақмола облысы), Сырдария (Қызылорда облысы)

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025374 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.