• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » CryptoCity-де криптовалютамен қалай сауда жасалатыны түсініксіз

CryptoCity-де криптовалютамен қалай сауда жасалатыны түсініксіз

18 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: freepik.com

Соңғы кезде елімізде CryptoCity құру идеясы сөз болып жүр. Бірақ, аты ғана айтылғанымен, қандай болатыны, қалай жұмыс істейтіні туралы толыққанды мәлімет жеткіліксіз. Ал ондағы криптовалютамен сауда жасау идеясына қатысты күдік көп. Әсіресе, USDT-мен жүргізілуі мүмкін деген бартерлік сауда туралы сала сарапшысы Дәурен Қарашев жақсы талдап берді. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәбісі министрлігінен жағдайды сұрап білдік.

CryptoCity-де бартерлік сауда жоқ

Министрліктің жауабына қарағанда, CryptoCity жобасы Қазақстан аумағында цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз етуді және ашық әрі реттелетін операцияларды жүргізуге арналған экожүйе құруды көздейді.

Жоба арнайы аймақ құруға бағытталған және ол Ұлттық банк жанындағы реттеуші қызмет («песочница») аясында апробациядан өтеді. Сол арқылы жаңа құқықтық режимді бақыланатын ортада сынақтан өткізуге мүмкіндік туады. Сонымен бірге, болашақта цифрлық активтерге қатысты заңнамалық нормаларды әзірлеуге және оны ел аумағында кеңейтуге жағдай жасайды.

Реттеуші қызмет аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының криптобиржа құралдарын банк инфрақұрылымына интеграциялау, сондай-ақ, дәстүрлі және цифрлық қаржы жүйелерінің өзара іс-қимылын жеңілдету жоспарланып отыр.

Осыған дейін қоғамда USDT криптовалютасын бартерлік сауда құралы ретінде қолдану жайында әңгіме тараған еді. Алайда министрлік CryptoCity жобасында бартерлік сауда қарастырылмағанын жеткізді.

«Жоба криптовалюталарды нақты экономикалық операцияларда пайдалануға мүмкіндік беретін, ашықтық пен реттеуді қамтамасыз ететін экожүйені іске қосуды мақсат етеді», – деп жазады ресми жауапта.

Алайда, «нақты экономикалық операцияларда пайдалану» деген сөз нені білдіретіні тарқатып айтылмайды. Криптоактивтермен қалай сауда жасалатыны, яғни, есеп айырысу тетіктерін тарқатып түсіндіріп бермеді.

«Сұр» секторды заңды нарыққа көшіру әлі сөз күйінде

CryptoCity жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе зерделенген. Crypto-Friendly Cities 2025 индексіне сәйкес, цифрлық активтер үшін ең қолайлы қалалардың қатарына Любляна, Гонконг, Цюрих, Сингапур, Әбу-Даби, Люксембург, Маскат, Порту, Осло және Сидней кіреді. Бағалау барысында реттеуші және салықтық орта, өмір сүру деңгейі, цифрлық инфрақұрылымның сапасы және криптовалюталық сервистердің дамуы сияқты критерийлер қарастырылған.

Жауап мәтіні бойынша, CryptoCity жобасы аясында цифрлық активтердің көлеңкелі айналымы тәуекелдерін төмендетуге ерекше назар аударылмақ. Қатысушылар бақыланатын ортада міндетті түрде сәйкестендіріліп, верификациядан өтеді (KYC/AML). Бұл операциялардың ашықтығын қамтамасыз етіп, «сұр» сектордағы инвесторларды заңды алаңдарға тартуға мүмкіндік бермек. Жоба цифрлық активтердің реттелетін нарығын заңдастыру мен дамытудың алғашқы қадамы ретінде қарастырылып отыр.

Айта кетейік, «сұр» сектордағы инвесторларды заңды алаңдарға тарту шарасымен министрліктің айналысып келе жатқанына біраз болды. Мұндай көшіру идеясын министр Жаслан Мәдиев 2024 жылдың маусымынан бері айтып жүр. Алайда әзірге нақты қандай нәтижеге жеткені туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ, белгілісі, қазақстандық криптоинвесторлардың 95%-ы заңсыз нарықта жұмыс істеп келеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан еді.

Binance-қа ақша салғандарға министрлік бас ауыртпайды

Нарықтағы бүгінгінің ең үлкен мәселесі, Binance.com жетекшілерінің кеңесімен осы халықаралық криптобиржаға қомақты қаражат салған азаматтардың мәселесі қалай шешілетіні түсініксіз. Қазір оларға қылмыстық жауапкершілік қаупі төніп тұр. Құзырлы органдар бұған көз жұма қарай ма, әлде амнистия жасау мүмкіндігін қарастыра ма?

Бұл жөнінде министрліктің тұшымды жауабы жоқ. Ел нарығын реттеп отырған министрлік бұл мәселемен АХҚО айналысуы керек деп есептейді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» конституциялық заңға және АХҚО актілеріне сәйкес, АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен АХҚО аумағында цифрлық активтермен қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға лицензия алған сауда алаңдарында цифрлық активтермен операция жүргізуге рұқсат етіледі. Цифрлық активтер биржаларына лицензия беру мәселелері Министрліктің құзыретіне кірмейді, бұл мәселе АХҚО құзыретіне жатады», – деп жауап берді министрлік.

Ербол Тұрымбет, 

BM.KZ

CryptoCity Жаслан Мәдиев криптовалюта криптоинвестор Цифрлық даму министрлігі

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.