• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Елімізде жаңа облыс пайда бола ма?

Елімізде жаңа облыс пайда бола ма?

22 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: vlast.kz

Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапар жасайтынын жариялады. Қызығы сол, президент Торғай өңіріне ерекше назар аударды. Бұл атау жергілікті тұрғындардың жадында сақталғанымен, облыс ретінде шамамен отыз жыл бұрын жойылған.

«Биыл міндетті түрде Арқалыққа барамын. Бір кездері уәде берген едім, сол уәдені орындайтын уақыт келді. Торғай өңірі ерекше назарда болуы тиіс», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының жойылған әкімшілік аумақты атауы тегін емес сияқты. Президенттің бұл сөзінен соң BM.KZ редакциясы «жақын арада Торғай облысы қайта құрылуы мүмкін бе?» деген орынды сауалға қалды. Оның үстіне, үш жыл бұрын Тоқаевтың Қазақстан картасын өзгерткенін ескерсек, бұл ой тіпті орынды көрінеді.

Осы сұрақпен біз ХІХ ғасырдың ортасында құрылған тарихи өңірдің белгілі азаматтарына жүгіндік. Пікірлер сан түрлі, бірақ барлығының сөзі бір жерден шығады — облысты қайта құру үшін алдымен логистика мәселесін шешу қажет.

«Біз жоқ сияқтымыз»

Қоғам қайраткері Амандық Әмірхамзин туған өлкесінің тағдырына көптен бері алаңдаулы. Ол Торғай облысын қалпына келтіру идеясын қолдайтындардың бірі.

«1990-жылдардың соңында билік біздің өңірді іс жүзінде ұмыт қалдырды. Облысты екі рет таратты, халық өз мәселелерімен бетпе-бет қалды. Амантоғай, Арқалық, Жаңадала, Октябрь аудандары жабылды. Бұрынғы Державин ауданындағы 35 елдімекеннің тек 23-і ғана қалды. Сол сияқты Есіл, Жангелдин, Амангелді, Арқалық және басқа да аудандардың біразы сондай күйге түсті.

1997 жылдан бері мұнда тек Нұрсұлтан Назарбаев қана келді, басқа бірде-бір премьер-министр табан тіремеді. Ширек ғасыр ішінде шалғай аудандарға бар болғаны екі-ақ депутат барған — Ирина Аронова мен Әлия Сапарова. Қалғандарын мүлде еске түсіре алмаймын. Облыс әкімдері де қосылған аудандарға көңіл бөлмеді, халық та олардан үміт күтпеді. Бұл жағдай 2022 жылға дейін жалғасты.

2022 жылғы 16 наурызда Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылғанда, біз де Торғай қайта ашылады деп үміттендік. Бірақ, өкінішке қарай, тағы да ұмыт қалдырды. Бұл тек жаңа облыс құру ғана емес, ең алдымен тарихи әділеттілік мәселесі», — дейді қоғам белсендісі Амандық Әмірхамзин.

Оның пікірінше, Торғай облысын қалпына келтіру — уақыттың еншісіндегі шаруа.

«Бүгінде Орталық–Батыс тасжолын салу (Астана — Егіндікөл — Арқалық — Торғай — Ырғыз бағыты) және облыстың оңтүстік аудандарын газдандыру өңір үшін маңызды болып тұр. Сондай-ақ, зауыттар мен фабрикалар салу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру қажет. Өңір әлі де тоқыраған күйде. Арқалықта теміржол мәселесі ақсап тұрса, Торғайда автомобильдік мәселе шиеленіскен.

Егер Ұлытау облысы екі қала мен екі ауданымен қайта құрылса, он ауданды біріктіріп Торғай облысын неге қалпына келтірмеске?» — дейді Амандық Әмірхамзин.

Ол Торғай өңірі елордаға азық-түлік белдеуі бола алатынын, сондай-ақ, онда киік санының артып келетінін атап өтті.

«Қазір Торғайдың ет-сүт өнімдері Астанада сұранысқа ие. Киік етін, терісін, мүйізін терең өңдеуді ұйымдастыру керек. Бұл жоғары табысты салаға айналып, мыңдаған жұмыс орындарын, жаңа мамандықтарды туғызып, қоғамдық тамақтану, қонақүй, қолөнер, гид қызметтері сынды басқа секторларға да әсер етеді.

Аймақта ішкі облыстық және аудандық жолдар проблемасы бар. Мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың туған ауылы — Ахмет ауылында жол жоқ және онда алдағы бес жылда жол салынбауы мүмкін. Әрине, Арқалық пен өңірдің өзінде де мәселелер көп, бірақ олар мүмкіндігінше шешіледі», — дейді ол.

«Ақша желге ұша ма?»

Торғайлықтар бұл бастаманы түгел қолдап отырған жоқ. Қаржы сарапшысы, Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Ерқанат Әбени бұл ойға әлі ерте екенін айтады.

«Облысты тарату туралы шешім қабылданғаннан бері көп уақыт өтті. Халықтың қомақты бөлігі көшіп кетті, сондықтан адам капиталы жетіспейді. Қала құраушы боксит кәсіпорны жабылды, ал ол Арқалықтың негізін қалаған еді. Экономиканың жалғыз тірегі ауыл шаруашылығы, бірақ ол сала бүкіл ел бойынша қиын жағдайда.

Қазіргі ресурстық және экономикалық әлеует бойынша жаңа облыс құру қисынсыз. Артық әкімшілік аппарат ашып, бюджетке салмақ түсіру — бос әурешілік.

Бірақ бұл өңірді дамыту қажет емес дегенді білдірмейді. Ақшаны әкімдіктерге емес, нақты инфрақұрылымдық жобаларға бағыттау керек: автомобиль және теміржол салу, Арқалық арқылы Жезқазғанға шығатын бағыт ашу, солтүстікті оңтүстікпен, сондай-ақ, Ақтөбемен байланыстыру. Бұл жобалар өңірді инвестицияға тартымды етеді. Логистика шешілсе, мал шаруашылығы да табысты болады.

Айтпақшы, Торғайдың жылқы еті — ең дәмді. Жалпы, тарихи бай өлке, ұлы тұлғалардың шыққан жері. Бірақ экономикалық негізсіз жаңа облыс ашу — бос шығын», — дейді сарапшы.

Оның пікірінше, логистикалық байланыстар жәйлы болса, пайдалы қазбаларды барлауға инвестиция салу да орынды болады.

«Көптеген белгілі мұнай саласының маманы маған Торғайда топырақ құрамы мен флораға қарап мұнайдың да болуы ықтимал дегенді айтқан», — дейді Ерқанат Әбени.

Тығырықтан шығу

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл Арқалықтың ұзақ уақыт теміржол тығырығында болғанын еске салады.

«Қазір бұл мәселе жартылай шешілді. Бірақ жол мәселесі әлі де бітпеді. Астанадан Арқалыққа бару үшін Атбасар, Жақсы, Есіл, Державинск арқылы айналып өту керек. Бұл шамамен 800 шақырым. Ал негізгі арақашықтық бұдан әлдеқайда жақын.

Торғай ауылы маңынан Батыс Қытай — Батыс Еуропа дәлізі өтеді. Бірақ ол жерге жол салынбаған. Торғайдан Ырғызға дейін де алыс емес, бірақ онда да жол жоқ. Ең әуелі осы мәселені шешу керек», — дейді депутат.

Оның айтуынша, өңірдің өнеркәсіптік те, туристік те үлкен әлеуеті бар.

«Табиғи, археологиялық, мәдени нысандар жеткілікті. Сонымен қатар, сирек кездесетін металдардың ірі қоры бар».

Ал Торғай облысын қалпына келтіру жөнінде айтсақ, депутаттың пікірінше, басты кедергі — халық санының азаюы.

«Ұзақ уақыт шешілмеген мәселелерден халық көшіп кетті. Қазір облыс құру өте қиын. Өңір өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, республикалық қаржылай көмекке мұқтаж болады. Алдымен көші-қонды тоқтатып, экономиканы көтеру керек. Бұл мәселе болашақта көтеріледі, бірақ ол қысқа мерзімде емес, ортамерзімді даму жоспары бойынша жүзеге асуы мүмкін», — деп қорытындылады Еркін Әбіл.

Еске салсақ, 1868 жылы Ресей империясы құрамында Торғай облысы құрылып, орталығы Орынбор болды. Оның құрамына Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері кірді. Жалпы аумағы — 456 185 шаршы шақырым, халқы — 453 416 адам, оның ішінде 90,6%-ы, яғни 410 904-і қазақтар болған.

1970 жылы Қазақ КСР-інің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың шешімімен Торғай облысы қайта ашылып, Қостанай облысының бес, Целиноград облысының бес ауданы біріктірілді. Өңірде үш қала, бір кент және жүздеген ауыл пайда болды.

1980-жылдары Арқалық өркендеп, ет комбинаты, құс фабрикасы, сүт зауыты, элеватор, керамика фабрикасы, тігін фабрикасы, радио бөлшектер зауыты жұмыс істеді. Тіпті авиамотор зауытының құрылысы басталды. Ал Торғай боксит басқармасы бүкіл КСРО-дағы бокситтің 20%-ын өндірді.

Темірлан Құсбаев

Астана

BM.KZ

Амандық Әмірхамзин арқалық Еркін Әбіл Ерқанат Әбени облыс президент Тоқаев Торғай

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.