• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан Путин мен Зеленскийді татуластыра ала ма?

Қазақстан Путин мен Зеленскийді татуластыра ала ма?

24 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: Ian Langsdon / AP

Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Украина президентінің мәлімдемесі бүгінгінің кішігірім саяси сенсациясына айналды. Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерді Қазақстанда өткізуге дайын екенін айтты.

Әзірге Ақорда Украина көшбасшысының сөзіне реакция білдірген жоқ. Ал Кремль Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың аузымен украиндар «ұсыныстарын тым көп айтып жатқанын», Қазақстан аталмай тұрып, Ресей үшін «мүлде қолайсыз» саналатын елдерді де атағанын жеткізді.
BM.KZ тілшілері Қазақстанның соғысып жатқан екі ел арасындағы келіссөздер үшін диалог алаңына айналу мүмкіндігі жайлы сарапшылар пікірін сұрап білді.

ЖСДП төрағасы, Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжановтың айтуынша, Зеленскийдің бұл мәлімдемесі біздің ел үшін оң белгі.

«Алайда күштердің қалай бөлінгенін қарау керек. Қазіргі жағдайда Ресей үшін бастысы – АҚШ, Қытай және басқа да державалар сияқты жаһандық ойыншылармен келіссөздер, өйткені күштердің тепе-теңдігі мен соғыстың барысына солар ықпал ете алады. Сонымен бірге, Қазақстанның ірі халықаралық келіссөздер өткізуде тәжірибесі бар. Біздің елде Иранның ядролық бағдарламасы бойынша көпжақты келіссөздер (т. б. «астаналық кездесулер»), сондай-ақ Сирия бойынша бейбіт келіссөздер өткен. Бұл мысалдар Қазақстанның ең күрделі қақтығыстардың өзінде тиімді әрі бейтарап диалог алаңын ұсына алатынын көрсетеді. Астананы ықтимал кездесу орны ретінде атау – Қазақстанға деген сенімі мен еліміздің бітімгерлік әлеуетін мойындауды білдіреді. Бұл біздің республикамыздың халықаралық беделін жауапкершілігі бар делдал ретінде нығайта түседі. Оның үстіне, бұл өзге де соңғы халықаралық оқиғалар аясында болып отыр (Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өтуі, БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан президенті Тоқаевтың сөйлеген сөзі). Сонымен қатар, ЖСДП Социалистік интернационалдың мүшесі ретінде, мен өзім партия мүшесі ретінде әрдайым дипломатиялық шешімдерді, соғыс қимылдарын тоқтатуды және адам өмірін қорғауды жақтап келеміз. Диалогқа арналған кез келген мүмкіндік, ол бірден нәтижеге әкелмесе де болашақтағы бейбітшілік пен өңірдегі тұрақтылық үшін маңызды», — деді Асхат Рахымжанов.

Саясаттанушы Жұмабек Сарабеков әзірге Зеленский мен Путин арасындағы «жеке саммиттің» өтуі неғайбыл деген пікірге бейім.

«Бұл туралы Ресей тарапы да бірнеше рет мәлімдеген, соның ішінде Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бұл мәселе қазір күн тәртібінде тұрмағанын айтқан. Өйткені Мәскеу мен Киев арасындағы негізгі қайшылықтар еңсерілген жоқ», — деп атап өтті спикер.

Соғысушы тараптар басшыларының Астанадағы өтуі мүмкін кездесуінен Қазақстан үшін қандай артықшылық болуы мүмкіндігіне тоқтала келе, саясаттанушы басты нәтиже бір сәттік пайдаға байланысты болмайтынын айтты.

«Жағдайды бейбіт жолмен реттеу Қазақстанның негізгі жетістігі болар еді. Яғни, мұнда жалпы алғанда кездесу қай жерде өтетіні емес, оның қалай және қашан өтетіні маңыздырақ. Шын мәнінде бұл мәселеде тапшылық жоқ. Бүгінде келіссөз өткізу үшін өз аумақтарын ұсынатын ел көп, мәселен Түркия, Таяу Шығыс мемлекеттері, бірқатар Еуропа елі және Беларусь. Сондықтан Қазақстанның басты мақсаты мұнда қандай да бір саяси ұпай жинау емес, ең алдымен бейбіт реттеуге жедел түрде ықпал ету болуы керек», — деп қорытындылады Жұмабек Сарабеков.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Зеленскийдің Путинмен Қазақстанда кездесу мүмкіндігі жөніндегі сөзін «асыра мәлімдеу» деп санайды.

«Өйткені ол (Зеленский – BM.KZ) Путиннен кездесуден үмітін үзіп отыр. Меніңше, Қазақстан кездесу орны ретінде белгіленсе де ол бәрібір болмайды. Себебі екі ел де ықтимал қарсыластардың аумағында кездесуден бас тартады, яғни өзге блоктарға кіретін мемлекеттердің аумақтарында. Мысалы, Путин НАТО елдерінің аумағында Зеленскиймен кездескісі келмейді, сондықтан оның Парижде, Берлинде немесе Лондонда кездесу өткізетінін де күмәнданамын, өйткені бұл елдер Украинаны қолдап отыр. Ал Зеленский үшін Қазақстанның ҰҚШҰ-ға мүше болуы принципті мәселе болуы мүмкін. Сондықтан формалды тұрғыдан ол Минскіде, Астанада немесе Бішкекте онымен кездескісі келмейтін шығар», – деді Ғазиз Әбішев.

Саясаттанушының пікірінше, Қазақстанды Путинмен кездесу орны ретінде атау — Украина президентінің саяси ұпай жинау талпынысы.

«Қазір Зеленскийдің Путинмен кездесуге көбірек мүдделі екенін түсіну керек, себебі оған батыстағы одақтастары қысым көрсетіп отыр. PR тұрғысынан алғанда, Путинмен кездесу Зеленскийдің легитимдігін айтарлықтай күшейтер еді. Сондықтан ол бұл жерде «мен тіпті Астанада кездесуге дайынмын, қараңыздаршы, қаншалықты қалаймын, ал ол бас тартып отыр» деп айту арқылы саяси ұпай жинап отыр деуге болады. Зеленский Путиннің келіспейтінін анық біледі. Өйткені Путин Зеленскийді легитимді президент деп санамайды әрі қазіргі жағдайда кез келген жерде Путин мен Зеленский арасындағы кездесу Зеленскийге қатты пайда әкеледі де Путин үшін кері әсер етеді. Сондықтан бұл шынайы нәтижеге бағытталған қадамнан гөрі, символикалық ишара немесе асыра айтқан мәлімдеме деп ойлаймын», — дейді саясаттанушы.

Саясаттанушы Айдар Әміребаев Ресей мен Украина президенттерінің Қазақстанда кездесу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

«Қазақстанның Ресеймен де, Украинамен де жақсы қарым-қатынасы бар. БҰҰ Бас сессиясы аясында біздің президент Владимир Зеленскиймен кездескен болатын. Сол кезде бұл мәселелер көтеріліп, оң реакция алғаны анық. Менің ойымша, Қазақстан осындай шараларды өткізуге қолайлы алаң. Біздің елдің медиаторлық тәжірибесі бар. Қазір бірқатар неміс сарапшысы Қазақстанды орта держава деп есептейді. Егер біз орта держава болсақ, оны дәлелдейтін факторлардың бірі — халықаралық қатынастардың конструктивті дамуына беделді ықпал ете алуымыз», – деді саясаттанушы.

Ол сондай-ақ, егер Қазақстан келіссөздер алаңына айналса, бұл елдің беделін арттыратынын атап өтті.

«Бұл Қазақстанның халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала алатынын көрсетеді. Ал бұл, өз кезегінде, инвестициялық мүмкіндіктерді де ашады, яғни мемлекетімізге соғысқа емес, бейбітшілікке үлес қосатын ел ретінде көбірек сенім артады», — деді Айдар Әміребаев.

Қазақстанда өтуі мүмкін келіссөздердің соғыстың барысына ықпалы туралы спикер ұстамды болжам жасады.

«Шынайы жағдайға келсек, тараптардың ұстанымдары әр түрлі. Мысалы, Ыстамбұл келіссөздерін, оған дейінгі Минск келісімдерін еске алсақ, олардың жан-жақты келісімге дайын еместігі байқалады. Көбінесе әскери тұтқындармен алмасу, белгілі бір гуманитарлық мәселелерді шешу, гуманитарлық дәліздер құру туралы әңгіме болуы мүмкін. Әзірге толыққанды келісімге қол жеткізуге алыс сияқты», — деп болжады сарапшы.

Саясаттанушы, «Кемел Арна» қорының директоры Замир Қаражанов Украина мен Ресей президенттері Қазақстанда кездесуі әбден мүмкін деп санайды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен жылына 4 рет Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп отырған. Бұл, негізінен, біздің елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнаған күндеріне орайласқан келіссөздер болатын. Украинамен телефон арқылы келіссөздер белгілі бір кезеңділікпен және салыстырмалы түрде тұрақты түрде жүріп отырды. Әрине, Путинмен тек телефон арқылы емес, тікелей кездесулер де болып тұрды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан екі тараппен де тең дәрежеде қатынас ұстап келеді», — деп атап өтті Замир Қаражанов.

Ал келіссөздердің бола қалған жағдайда оның мазмұнына қатысты саясаттанушы ұзаққа созылатынын атап өтті.

«Келіссөздер бірнеше кезеңнен тұратын шығар. Оған көптеген тараптың қатысуы қажет болады. Өзіңіз де көріп отырсыз, Еуропа қақтығысты реттеуге қызығушылық танытып отыр. Қытайдың да өз ұстанымы бар. Сондықтан Қазақстанда кездесіп, бірден келісімге қол қояды деп үміттенудің қажеті жоқ. Ал Трамптың бұл мәселені шешуге талпынысы ешқандай нәтиже берген жоқ. Ол, негізінен, мәселені Украина есебінен, әлсіз ойыншы есебінен шешкісі келді. Яғни оны қарсылық көрсетуді, қарулы түрде қорғануды доғаруға мәжбүрлеу арқылы «міне сіздерге — бейбітшілік» дегенді қалады. Бірақ ондай бейбітшілік мүлде әділетсіз болар еді. Тіпті егер сондай келісім жасалған күннің өзінде ол болашақта одан да үлкен мәселеге әкелетін еді. Сондықтан ең жақсы келісім — бұл әртүрлі тараптардың пікірін, ұстанымын ескеретін және осы уағдаластықтарды орындауға олардың дайындығын қамтитын теңгерімді келісім», — деді Замир Қаражанов.

Материалды дайындағандар:
Ербол Тұрымбет,
Нұрзат Кәрім,
Темірлан Құсбаев,
BM.KZ

Айдар Әміребаев астана Асхат Рахымжанов Ғазиз Әбішев Жумабек Сарабеков Замир Қаражанов Зеленский Келіссөз Путин соғыс Украина

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.