• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Полигондар толы. 4,5 млн тонна қоқысты қайда төгеміз?

Полигондар толы. 4,5 млн тонна қоқысты қайда төгеміз?

25 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының басым бөлігі толып кеткен, экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикада 2 973 полигон мен қоқыс үйіндісі бар. Оның тек 608-і ғана талапқа сай келеді, бұл жалпы санның 20,4%-ы.

Павлодар облысында 321 қоқыс алаңының 5-еуі ғана талапқа сай

Мамандардың айтуынша, полигондардың көбі толған, сондықтан рекультивациялау, яғни қалпына келтіру жұмыстары қажет.

«Кейбір дерекке сәйкес, елімізде 130 млн тоннадан астам қатты қалдық бар. Олар қазір шіріп, біршамасының беті жабылған. Орта есеппен алғанда қазір жыл сайын 4,5-4,8 млн тонна қалдық шығады», – дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Абылай Алмұханов.

Елімізде талапқа сай келмейтін полигоны көп өңірлер көшін Павлодар облысы бастап тұр. Мұнда 321 қоқыс алаңының тек 5-еуі, яғни, 1,56%-ы ғана стандартқа сай. Ал Солтүстік Қазақстанда 450 қалдық төгетін жер болса, оның 11-і ғана (2,4%) талапқа сай. Полигоны ең көп аймақ та осы теріскейге тиесілі. Антирекорд көрсеткішінің үшінші орнында Абай облысы тұр. Аймақта 170 қоқыс тастайтын орын болса, оның 6-ауының ғана құжаты толық жасалған. Бұл 3,5%-ды көрсетеді. Жауаптылар бұл жерді жауып тастауға негіз жоқ дейді. Себебі бастысы арнайы жер бөлінген.

«Бұл полигондарға жер бөлінген. Бірақ экологиялық талаптар бар бекітілген. Соған сай келмейді. Демек кейбір құжаттар жоқ. Бірақ елді мекен болғандықтан ол полигонды жаба алмаймыз. Шығып жатқан қоқысты жинау керек», – дейді Абылай Алмұханов.

Ал Астана мен Шымкент қалаларындағы, Түркістан (151) және Жамбыл (158) облыстарындағы барлық полигон экологиялық нормаларға сәйкес келеді.

Бірақ бұл қуантарлық жайт емес, себебі Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Шымкент қаласының полигонындағы жиналған қоқыс көрсеткіші 90%-дан асқан. Мамандар мәліметінше, жаңа нысандардың құрылысы республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты тежеліп тұр. Астана қаласындағы тұрмыстық қалдық 98%-ға жеткен, қоқыс орны лық толы. Бірақ тағы да қаражат бөлінбеуінен қосымша 3 ұяшық құрылысы басталмаған.

Жаңа қоқыс полигонын салу жайы сөзден аспай келеді

Үкімет бұл мәселені шешу үшін утилизациялық төлемге жүгінуді жөн керген.

«Премьер-министрі О.А. Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары қорытындысы бойынша берген 2025 жылғы 20 ақпандағы №11-03/09-184 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік утилизациялық төлем есебінен ҚТҚ полигондарының құрылысын қарастыратын арнайы қаулы жобасын әзірледі. Қазір ол Үкіметтің қарауында», – делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.

Сонымен бірге 2023 жылы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, елімізде 100 жаңа полигон салу, 8 қолданыстағы қалдық қоймасын кеңейту және 5 қоқыс алаңын рекультивациялау көзделген. Алайда бүгінге дейін жоспарланған 100 полигонның тек жетеуі ғана пайдалануға беріліпті.

Аймақтардағы жағдай әркелкі.

* Абай облысында 29 полигон салу жоспарланғанымен, әзірге Семей қаласы мен Ақсуат ауданында ғана жобалық құжаттама дайын.
* Ақтөбе облысында жоспарланған 6 полигонның 3-еуі іске қосылды.
* Қарағанды облысында Абай ауданы мен Балқаш қаласындағы нысандардың құрылысы 90%-ға жетті.
* Қостанай облысында Лисаков қаласында бір полигон толық аяқталды.
* Маңғыстау облысында 3 полигон салу жоспарланса, қазір тек Түпқараған ауданындағы нысан 2024 жылы пайдалануға берілді.
* Басқа облыстарда жобалық құжаттар бар болғанымен, көп жерде жұмыс қаржыландырудың жоқтығынан тоқтап тұр.

4,5 млн тоннаның төрттен бірі ғана өңделеді

Жылына 4,5 млн тонна қоқыс шығарылатын болса, соның қазір тек 25%-ы қайта өңделеді. Ал 2030 жылға дейін межені 40%-ға жеткізу жоспарда бар. Мамандар бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда айтарлықтай көтерілгенін айтады.

«2016 жылы 1,8-2 пайызды құраған. Соған қарағанда динамика жақсы. Бұл өңірлердегі қайта өңдеу саласының көтерілгенін көрсетеді. Одан әрі бұл жобаны жүзеге асыру жалғасып жатыр. Негізі өңдеу бойынша ірі қалалар көш бастап тұр. Қарағанды, Қостанай облысында қайта өңдеу кешенді жұмыс істеп отыр. Бұл облыстар қайта өңдеуден жақсы жұмыс істеп келе жатқанмен, полигон жағынан ақсап қалады», – дейді Қалдықтарды басқару департаменті басшысының орынбасары.

Ал экологтар жиналған қалдықтан тез құтылудың жолы – қоқыс өртейтін зауыт салу екенін айтады. Соңғы 3 жыл көлемінде аталған зауыт елімізде салынады деген сыбыс бар. Оны жауаптылар да ақпараттан таратып жатыр. Алайда сол жаңалық әлі күнге сөз жүзінде келеді.

Полигондардың толып кетуі жерасты суларын ластайды

Белгісі эколог Болат Қасымов қоқыс өртейтін зауытты ертерек қолға алу керектігін алға тартады. Сонда қоқыс өртеп, энергия жинауға болады.

«Қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі бізде көптен бері айтылып жүр. Оны кейінге қалдыруға болмайды. Көптеген елде қоқыс өртейтін зауытты осы мәселенің шешімі ретінде қарастырылады. Егер технология қатаң сақталып, сүзгілер уақытылы ауыстырылып, бақылау қатаң жүргізілсе, мұндай кәсіпорындар шынымен қауіпсіз жұмыс істей алады. Осылайша полигондарға түсетін салмақты азайтады», – деді.

Дегенмен, қауіптің бар екенін де жасырмайды.

«Регламенттен кез келген ауытқу немесе сүзгілерге кететін шығынды үнемдеу әрекеті улы заттардың ауаға таралуына әкеп соғады. Бұл адамдардың денсаулығына тікелей қауіп тудырады. Атап айтқанда, ластанған ауа онкологиялық және тыныс алу ауруларының өсуіне себеп болады. Қазақстанда бұл қауіп кейбір дамыған елдерге қарағанда жоғарырақ. Себебі бізде өндірістік мәдениет әлі жеткілікті деңгейде емес, қадағалау тиімділігі төмен, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдері де бар», – дейді ол,

Оның сөзінше, бұл да уақытша шешім. Себебі жағуға жататын қоқыс көлемі бітсе, зауыт қаңырап бос қалады. Ондай жайт үшін қосымша жолдарды қарастыру маңызды көрінеді.

«Қазақстандағы қалдық көлемі энергияны тұрақты өндіруге жеткіліксіз. Бірнеше жылдан кейін мұндай нысандар шикізат тапшылығынан тоқтап қалуы мүмкін. Бұл аса қымбат жоба: құрылысы мен пайдалану шығындары өте жоғары. Демек кеткен шығынды жаппауы мүмкін. Мұндай кезде, қалдықтардың бір бөлігін цемент зауыттарында баламалы отын ретінде пайдалану әлдеқайда қолжетімді әрі экологиялық таза жол саналады. Мұндай тәжірибе әлемде бар және оны Қазақстанның кейбір өңірлерінде енгізуге болады», – дейді Болат Қасымов.

Экологтардың пікірінше, полигондардың толып кетуі жерасты суларының ластану қаупін арттырып, тұрғындардың денсаулығына төнетін қатерді күшейтеді. Сондықтан жаңа нысандар салу мен қайта өңдеу кезек күттірмейтін мәселеге айналған.

Әсел Мәдәліқызы

Шымкент

BM.KZ

Абылай Алмұханов атырау Батыс Қазақстан қоқыс Павлодар полигон Солтүстік Қазақстан Түркістан Шымкент экология

Оқылып жатыр

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.