• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Халық ет пен жемістен үнемдеуге көшті. Елде азық-түлік неге қымбаттай береді?

Халық ет пен жемістен үнемдеуге көшті. Елде азық-түлік неге қымбаттай береді?

16 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне арналған сауалнама нәтижелері ел экономикасындағы қайшылық барын көрсетті. Халықтың басым бөлігі (74,7%) бағаның өсуіне алаңдағанымен, жалпы қауіпсіздік деңгейін (45%) жоғары бағалайды және алдағы бес жылда өз-өзін толық қамтамасыз етеді (60,4%) деп сенеді.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында сарапшылар пікірталасы өтті. Оған қатысқан АШМ өкілдері, фермерлер, өндірушілер мен сарапшылар азық-түлік бағасының өсуін, инфляцияның себептерін, мемлекеттің рөлін, импортты алмастыруды және онымен байланысты мәселелерді талқылады. Пікірталас барысында «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» жанындағы  DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы ел азаматтары арасында «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін бағалау» тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижесі жарияланды.

Онда ел халқының азық-түліктің қымбаттауына алаңдайтыны айтылады. Атап айтқанда, респонденттердің 62%-ы ет сатып алуды сиретсе, 24,5%-ы көкөніс пен жеміс-жидекті азайтқанын айтқан. Сауалнама Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттері арасында телефонмен сұхбат құру түрінде жүрді, оған 2025 жылғы 11-22 қыркүйек аралығында 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан 1100 адам қатысты. Бұған қоса, респонденттердің 17% сүт өнімдерінен, 12% нан мен ұннан жасалған өнімдерден үнемдей бастағаны белгілі болды.

«Зерттеу кезінде Қазақстанның сауда және интеграция министрлігіне көкөністер мен жемістердің бағасына қатысты сұрау салдық. Берілген жауапта халықтың үнемдейтіні айтылған. Бірақ 7 ай ішінде тек Қазақстан 98 млн долларға көкөніс тасымалдады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 85% артық. Яғни, тапшылық қабаттасатыны түсінікті, бірақ соған қарамастан жұрт көкөністер мен жемістерден көбірек үнемдейді», – дейді зерттеушілер.

Сонымен қатар, респонденттердің 53%-ы отандық өнім импорттық өнімнен қымбат тұрады деп есептейді.

Мемлекет баға өсімін уақытша ғана шектей алады

АШМ Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов азық-түлік өнімдері бағасының біртіндеп баға өсіп жатыр, дегенмен бұл табиғи процесс деп есептейді.

«Біз азық-түліктен басқа, киім-кешек, қызметтер мен түрлі тауарларды сатып аламыз.  Бірақ күнделікті емес, сондықтан ондағы бағаның өсуін байқамаймыз. Қымбатшылық бүкіл жерде бар. Азық-түлік өндірісі де экономиканың бір бөлігі болып табылады. Сол себепті басқа қызметтер мен тауарларды қымбат бағамен тұтыну, алу, арзан өнім шығару мүмкін емес. Ол да жоғары бағамен болады. Бұл, жалпы әлемдік жағдай, оған халықаралық қатынастар мен экономикалық байланыстар әсер етеді. Соның ақыры өсімге әкеледі», – деді ол.

Оның сөзінше, мемлекет әкімшілік шаралар арқылы бағаны ұстап тұруға тырысады. Алайда бағаны ұзақ уақыт қолдан ұстап тұрудың соңы жақсылыққа апармайды.

«Бағаны ұстап тұру үшін субсидиялармен, арзан несиелермен өндірісті қолдаймыз. Оған тағы әкімшілік шараларды қосыңыз. Өңірлерде оның әсері уақытша болады да бағаны көтермейді. Бірақ белгілі біт уақыттан соң ақырында қайта ытқып шығады», – деді Ахметов.

Сауда комитетінің бас сарапшысы Бидәулет Серіковтің пікірінше, қазір көріп отырған бағалар – бұрынғы қатаң мемлекеттік реттеудің салдары. Өйткені, бұрын өнімнің шынайы өзіндік құнына қарамастан, оны тауарлық субсидиялар мен тікелей субсидиялар арқылы ең төменгі деңгейде ұстап келдік.

«Ал биыл нарық механизмдерінің тауардың өзіндік құнына әсер етіп жатқанын көріп отырмыз. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, мемлекеттік органдардың, тіпті Сауда және интеграция министрлігінің де өндірістің өзіндік құнына араласуға құқығы жоқ. Біз тек тауар жеткізу тізбегі бойынша бағаны реттей аламыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең жоғары сауда үстемесін 15% мөлшерінде белгіледік. Демек, қазіргі азық-түлік бағасының өсуі, ең алдымен, өндіріс саласындағы әділ баға қоюға қатысты болып отыр», – деді ол.

Делдалдар мен «тесік заң»

Алайда, журналист, аграрлық сала сарапшысы Кирилл Павлов Сауда министрлігінің ұстанымымен келіспейді. Оның пікрінше, министрлік өндірушілерді шектеп, ӘМАТ-қа 15% шектеу қойғанымен, бұл нарықтағы бағаны тұрақтандырмайды. Себебі, делдалдардың жоғары маржасын аффилирленген компаниялар арқылы оңай жасыруға болады.

«Өндірістің өзіндік құнын бақылау мәселесімен келісемін, бірақ бұл негізгі проблеманы шешпейді. Біздің фермерлер өз өнімдерінің маржасы түпкілікті сатушының маржасынан әлдеқайда төмен екенін біледі. Сауда министрлігі өндірістің өзіндік құны мен егістік алқаптарының ауқымына алаңдағанымен, сауда үстемесін шектеу туралы ешқандай ұсыныс айтпады. Оларда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) 15% шектеу бар. Бірақ бұл – тесік заң. Егер менде фермерден түпкілікті тұтынушыға дейінгі жолда екі аффилирленген ЖШС болса, маған 30% үстеме қосуға ешкім тыйым сала алмайды, өйткені бұл – менің жеткізу тізбегім. Біз ірі сауда желілеріне кімнің, қайдан жеткізетінін анық көріп отырмыз. Егер көтерме бағаны қалыптастыратын ірі базардың да, ірі сауда желісінің де иесі бір адам болса, онда мемлекеттің «бақылап отырмыз» дегені күлкілі», – дейді Павлов.

Ендеше егер мемлекет бағаға араласа алмайтын болса, барлық тауарға қойылатын сауда үстемесін қалай төмендетіп, бақыламақ? АШМ өкілінің сөзінше, бағаны тұрақтандыру үшін делдалдарды тек теория жүзінде ғана алып тастауға болады. Іс жүзіне келгенде фермерлердің басым көпшілігі сақтау және сатумен айналысуға дайын емес. Өндірістен сөреге дейінгі тізбек қажеттіліктен туындап отыр, ал министрліктің міндеті осы тізбектегі артық үстемелерді бақылауға алу.

Ал етті мал шаруашылығы саласындағы практик сарапшы Арсен Исламовтың айтуынша, Қазақстанда етке қатысты нақты нарықтық котировкалар жоқ. Сондықтан бағаны көтеретін жеткізу тізбегінің соңындағылар болып шығады.

«Мемлекет өзінің бүкіл арсеналын қолданып, тыйым салу, шектеу, квоталау және басқа да шаралар арқылы нарықтық экономикамызға араласа бастағанда бәрі қиындай бастайды. Мұндай жағдайда нарық бұрмаланады. Бұрмаланған нарықтан асқан жаман нәрсе жоқ. Біз өзімізді «еркін нарық» деп жүрміз. Бірақ шын мәнінде ол еркін емес. Нақты етке қатысты жағдай осылай. Фермерлер де бірінші кезекте бизнесмендер және олар ең алдымен табыс тапқысы келеді. Қазір депозиттер бойынша мөлшерлеме жылына 19%. Тиісінше, тәуекелге барып, уақытын, жүйкесін және қаржысын салып инвестиция жасағысы келетін адам жылдық 19%-дан жоғары табыс табуды көздейді. Мәселе осы жерде. Біздің жоғары бағаларымыз бұл мемлекеттің теңгерімсіз ақша-несие саясатының тікелей салдары», – дейді Исламов.

Шекарадан контрафакті мен контрабанда көп кіріп жатыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаментінің директоры Еркін Наурызбековтің айтуынша, бағаның өсу проблемасын түсіну үшін өндіріс құнының құрылымына қарау керек. Мәселен, ауыл шаруашылығының негізгі ресурстарының бірі саналатын суық су биыл қаңтар-қыркүйек айларында 84%-ға қымбаттаған. Кіріс ресурстары үнемі қымбаттайды екен, ендеше өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің құны да бір орында тұрмайды.

«Біздің ішкі нарықты қорғау деңгейі өте әлсіз. Шетелден өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері немесе шикізат контрафактілік немесе контрабандалық жолмен көптеп келіп жатыр. Контрафакт дегеніміз – өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі, яғни өнімді алмастыру. Мысалы, балды алайық. Бірнеше елден бал деп атап, бірақ шындығында табиғи балдан 3-4 есе арзан патока (көмірсутек шәрбаты) кіріп жатыр. Бұл отандық өндірушілерге үлкен соққы. Сүт өнімдерінде де осылай. Техрегламент бойынша құрғақ сүттен жасалған өнімді «сүт өнімі» деп көрсету міндетті. Алайда, олар оны «қалпына келтірілген сүт» деп жазбай, «табиғи сүт» деп көрсетеді. Әсіресе, өңделген өнімдер бойынша мұндай мысалдар өте көп», – дейді палата өкілі.

Бұған қоса отандық өндіріске қатысты мемлекеттік реттеу шаралары (салықтар, тарифтер, т.б.) үнемі күшейтіліп келеді. Бұлар да өндірістік шығындарды арттырып, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді.

Нан неге арзандамайды?

Қазақстан Астық одағы аналитика комитетінің жетекшісі Евгений Карабанов тауардың өзіндік құнын талдау қажеттілігін айтады. Мысаны, нанның өзіндік құнында бидайдың үлесі бар болғаны 30% ғана. Қалғаны су, электр энергиясы сияқты коммуналдық қызметтер, ашытқы, тұз, май сияқты қосалқы ингредиенттер және жеткізуге кететін орасан зор логистикалық шығындар.

«Астық қымбаттағанда нан қымбаттады, бірақ астық арзандағанда нан бағасы арзандаған жоқ. Инфляцияны үдететін негізінен қызмет көрсету құнының өсуі. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы соңғы бір жылда 46%-ға қымбаттаған. Осы қымбаттаған қызметтер тікелей де, жанама жолмен де өнімдердің инфляциялық себетіне енеді. Сондықтан тарифтердің үлесі әлдеқайда жоғары», – дейді ол.

Оның үстіне, жанармай, электр энергиясы, тыңайтқыштар, көлік шығындары, қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылығы техникасының қымбаттауы өнімдердің өзіндік құнын үнемі өсіріп отыр.

Айнұр Шошаева
BM.KZ

MediaNet Азық-түлік Арсен Исламов Бидәулет Серіков Евгений Карабанов Еркін Наурызбеков ет жеміс Кирилл Павлов қымбатшылық Шаймерден Ахметов

Оқылып жатыр

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.