• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан спортында сандар өзгерген — жүйе сол қалпында

Қазақстан спортында сандар өзгерген — жүйе сол қалпында

20 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: Литер

Қазақстандағы спорт федерациялары бүгінде жай ұйым емес — ықпалы мен беделі бар жабық элиталық клубтарға айналған. Мұнда спорттан гөрі саясат пен ірі капиталдың ойыны көбірек сезіледі.

Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жүйені ашық сынға алды. Ол федерациялардың көбі спортты дамыту орны емес, бедел мен ықпал жинайтын алаңға айналып кеткенін айтты.

BM.KZ тілшісі осы мәселені зерттеп көрді. Ірі бизнес өкілдерінің қамқорлығы спортқа шын пайда әкеле ме, әлде, керісінше — федерацияларды саясат пен қаржы мүдделерінің қолшоқпарына айналдырып отыр ма?

Sport Qory-ның дерегіне сүйенсек, тек 2024 жылдың өзінде Қазақстан спортына 30,8 миллиард теңге (шамамен 64 миллион доллар) жұмсалған. Бұл қаржының 70 пайызы кәсіби клубтарға кеткен, ал бұқаралық спортқа тек үштен бірі ғана бөлінген. «Қайырымдылық көмектің» 95 пайызы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингінен түскен. Сырт көзге бұл демеушілік сияқты көрінгенмен, іс жүзінде бұл да сол мемлекеттік бюджеттің ақшасы – яғни, бәрібір халықтың қалтасынан шыққан қаражат.

Ірі бизнес үшін спортқа араласу – тек меценаттық емес, үлкен жүйеге кірудің жолы. Федерацияға мүше болу – бедел мен ықпал жинаудың, жоғары шенділермен байланыс орнатудың тиімді тәсіліне айналған.
Осылайша спорттың өзі біртіндеп саясат пен бизнес тоғысқан ортаға айналып отыр. Мұнда ойын ережесін енді мүлде басқа адамдар белгілейді.

Ескі жүйе, жаңа Қазақстан

Спорт федерациялары бастапқыда қоғамдық институттар ретінде ойластырылған еді. Мемлекет, бизнес және бапкерлер ортақ мақсат жолында жұмыс істеуі тиіс болатын. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша өрбіді. Федерациялар Қазақстандағы үйреншікті иерархияның бір бөлігіне айналды: бизнестің қаржысы мемлекеттік қорлар арқылы өтеді. Шенеуніктер жоғарыдан бақылап отырады, ал федерациялар сол жүйеде ықпал құралына айналды.

Осылайша уақыт өте келе спорттың негізгі идеясы — адал бәсеке мен даму — біртіндеп ұмытылып, оның орнын бедел мен мәртебе үшін талас басты. Ал федерациялар қоғамдық ұйымнан гөрі, ортақ мүдделері бар адамдар басқаратын жабық құрылымға айналып кетті.

Бокс пен күрес: тыныштықтағы күш

Егер қазақстандық спорттың өзіне тән «генетикалық коды» болса, ол соққы мен лақтыруда жазылған дер едік. Бокс пен күрес – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел спортындағы ең мықты дәстүрдің бастауы.
Қазақстан дәл осы спорт түрлерінен өз тарихын жазды. Бекзат Саттарханов пен Серік Сәпиевтен бастап, Геннадий Головкинге дейінгі чемпиондар соның айғағы.

Бірақ жарқыраған медаль мен салтанатты фанфардың ар жағында басқа бір әңгіме бар – ол ықпал мен билік туралы әңгіме.

Бокс пен күрес федерациялары – жай ғана спорт ұйымдары емес. Бұл – өз заңдары мен тәртібі бар элиталық клубтар, мұнда спорт саясат және үлкен ақшамен араласып кеткен. Мұндай ортаға кез келген адам кіре алмайды. Оған бизнесі бар, байланысы мықты, «салмағы» бар адамдар ғана жол табады.

Бұрынғы «ескі Қазақстанда» мұндай федерациялар әрі беделдің белгісі, әрі ықпалдың құралы, әрі «қол сұғылмайтын аймақ» болды. Кейде оларды қылмыстық орта өкілдерімен байланыстырады деген әңгімелер де тарайтын.

Бокс федерациясын он бес жыл бойы Тимур Құлыбаев басқарды. Ол елдің ең ықпалды адамдарының бірі, бұрынғы Президенттің күйеу баласы. Оның кезінде бокс жүйелі түрде дамыды: академиялар ашылды, халықаралық турнирлер ұйымдастырылды, тұрақты қаржыландыру жолға қойылды. Алайда мұндай биік деңгейдегі тұлға басқарған ұйымнан ашықтық немесе есептілік талап ету мүмкін болмады. Федерация мемлекет пен жеке капиталдың арасында өмір сүрді, бірақ жеке бизнестің еркіндігі мен артықшылықтарына ие болды. Осы «қол сұғылмаушылық» жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етті: бәрі өз орнында, медальдар үздіксіз келіп жатты, ешкім сұрақ қоймады.

2024 жылы Құлыбаевтың орнына Шахмұрат Мүтәліп келгенде, жаңа кезең басталғандай көрінді. Ол «ашықтық» пен «қайта жүктеу» жайлы айтты, ал федерация World Boxing ұйымына мүше болуға өтініш беріп, бұрынғы құрылымдардан тәуелсіздігін жариялады. Дегенмен іс жүзінде ештеңе өзгерген жоқ: қаржы әлі де сол баяғы көздерден – Sport Qory мен мемлекеттік компаниялардан келеді. «Бюджет» пен «демеушілік» ұғымдарының арасы әлі де анық бөлінбейді. Бұл жүйе өзгерістерге шыдай ала ма?! Оны уақыт көрсетер.

Ал күрестегі жағдай мүлде басқаша, бірақ мәні ұқсас. Бокста бәрі рингте шешілсе, күресте бәрі төсеніш пен кабинетте шешіледі.

Күрес федерациясын Дәулет Тұрлыханов басқарады — Олимпиада жүлдегері, Мәжіліс депутаты әрі кәсіпкер. Ол — «ескі Қазақстанның» мінсіз өкілі: спорттық өткен жолы бар, қазіргіде әкімшілік беделі бар, болашақта — саясаттағы өз орны бар адам. Оның кезінде қазақстандық күрес аймақтағы ең мықты спорт түрлерінің бірі болып қалды, бірақ сонымен бірге – ең жабық салалардың бірі болды.

Федерация үш бағытты қамтиды: еркін, грек-рим және әйелдер күресі. Ол қаржы бөлуді, оқу-жаттығу базаларын және бапкерлер жүйесін толық бақылайды. Күрес – қаржысы ең көп бөлінетін спорттың бірі, сондықтан бұл саланың айналасында тек физикалық емес, саяси «күштің» де иісі аңқып тұрады.

Сонымен қатар федерация басшысының аты түрлі бедел дауларына жиі араласып жатады: Тұрлыхановтар әулеті бұған дейін де БАҚ-та талай даулы әңгімелердің кейіпкері болған. Бірақ бұл оқиғалардың ешқайсысы депутатқа сенімсіздік білдіруге немесе саяси салмағын төмендетуге себеп болған жоқ.

Ал «ескі элитаның» тағы бір өкілі — Болат Өтемұратов, 2007 жылдан бері Теннис федерациясын басқарып келеді. Ол осылайша жүйе құра алды: мұнда бюджеттің 80 пайызына дейінгі бөлігі демеушілер мен меценаттар есебінен қалыптасады — кем дегенде, ресми мәліметтерде солай делінеді. Алайда, деректер өздігінен-ақ көп нәрсені аңғартады: кейінгі жылдары елде 30-дан астам теннис орталығы ашылды, ал Қазақстан ATP және WTA деңгейіндегі турнирлерді өткізіп келеді.

Үлкен теннис — бизнес пен беделді тұлғаның есімі мемлекетке салмақ түсірмей-ақ спорттық инфрақұрылым құра алатынын дәлелдеді.

2023 жылдан бері Қазақстанның Шахмат федерациясын Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы әрі танымал медиаресурстар иесі Тимур Турлов басқарады. Оның басшылығымен шахмат елдегі ең медиялық спорт түрлерінің біріне айналды: мектеп лигалары құрылды, халықаралық фестивальдер ұйымдастырылды, ал Қазақстан FIDE-нің жаһандық күн тәртібіне енді. Кәсіпкердің жеке ресурстары федерацияға қуатты серпін берді, дегенмен бұл жоба оның кең қоғамдық қызметінің бір бөлігі болып қала береді.

Турлов үшін бұл бастама тек шахматқа деген қызығушылық емес сияқты. Керісінше, сол арқылы қазақстандық элитаға жақындау, өз орнын табу мақсатын көздегені байқалады. Жуырда ғана ел азаматтығын алған бизнесмен үшін спорт — билік пен қоғам алдында өзін «Қазақстанның өз адамы» ретінде танытудың тиімді жолына айналды.

Бизнесмендер мен депутаттар басқаратын федерациялар арасында Әлия Юсупованың жолы — жақсы мағынасындағы ерекше құбылыс. Тіпті бүгінгі спорт жүйесінде сирек кездесетін жағдай деуге болады.

Олимпиада жүлдегері әрі көркем гимнастика құрамасының бұрынғы капитаны ретінде ол федерацияны шенеунік емес, спортты егжей-тегжейлі білетін адам ретінде басқарып келеді. Юсупованың басқару стилі — тыныш, жүйелі және нақты іспен өлшенетін жұмыс: балаларға арналған секциялар ашу, бұқаралық гимнастиканы дамыту, бапкерлер даярлау, өңірлермен тікелей байланыс орнату.

Иә, нәтижелер жарқ-жұрқ етіп көзге түспеуі мүмкін, бірақ тұрақтылық пен сенімділік бар: спортпен айналысатын балалар көбейіп жатыр, жаңа бапкерлер өсіп келеді, ал ұлттық құрама халықаралық жарыстарда тұрақты түрде өнер көрсетуде. Бұл — спорт саясат пен пиар құралына айналмаған, өз қалпында сақталған аздаған федерациялардың бірі.

Ауқымдап қарасақ, бір нәрсе анық байқалады: Қазақстандағы спорт бүгінде мемлекеттік басқару жүйесінің бір бөлігіне айналған. Федерациялар да енді спорттың өзінен гөрі, оларды басқарып отырған адамдардың ықпалы мен амбициясын көбірек көрсетеді.

Бүгінгі таңда елдегі спорт билігінің картасы осындай:

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров. Ол 2024 жылдың желтоқсанында реформалар кезеңінен кейін сайланды. Федерация ұзақ уақыт бойы саяси ықпалмен байланыстырылып келген — 2000-жылдардың басында оны Рахат Әлиев басқарған.

Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп. 2024 жылы Тимур Құлыбаевтың орнына келген. «Реформалар мен ашықтық» уәдесін берген. Сондай-ақ ол «Integra Construction KZ» компаниясының кәсіпкері әрі бенефициар иесі ретінде белгілі.

Күрес (еркін, грек-рим және әйелдер) федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов. Олимпиада жүлдегері, Мәжіліс депутаты және бизнесмен. Спорт иерархиясындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Федерация жабықтығымен және ішкі тәртіп жүйесімен танымал.

Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов, миллиардер, банкир, меценат. 2007 жылдан бері теннис инфрақұрылымын дамытып келеді. Қаржыландыру құрылымы жартылай мемлекеттік қорларға сүйенеді.

Шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы, медиамагнат.
2023 жылдан бері шахматты елдегі ең медиялық спорт түрлерінің біріне айналдырды.

Гимнастика (көркем) федерациясының президенті Әлия Юсупова, Олимпиада жүлдегері, бапкер.
Бұқаралық гимнастиканы және балалар секцияларын дамытып жүр. Саяси амбициясыз «таза спорттың» үлгісі.

Хоккей федерациясының президенті Азамат Айтхожин. Ол 2025 жылдың қазан айында тағайындалып, Асқар Маминнің орнын басты.

Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев. Федерация халықаралық серіктестермен белсенді жұмыс істейді, негізгі қаржыландыру — мемлекеттік.

Тхэквондо (WT) федерациясының президенті Құдрет Шамиев. Бұрынғы басшы — Владимир Ким, Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Оның басшылығымен федерация ең технологиялық және коммерциялық тұрғыдан белсенді ұйымдардың біріне айналды. Қазіргі басшы — кәсіпкер және меценат, «Integra Construction KZ» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов, «Райымбек» тобының және «Атамекен» ҰКП-ның басшысы. Ол «Astana Qazaqstan Team» командасының кураторы, «Самұрық-Қазынамен» бірлесе жұмыс істейді. Бұған дейін бұл спорт түрін Нұрлан Смағұлов қадағалаған.

Су спорты түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов. 2025 жылғы 28 наурызда сайланған. Ол Qazaqstan Aquatics реформасын және жас спортшыларды қолдау бағдарламасын үйлестіреді.

Каратэ (WKF) федерациясының президенті Евгений Пак, бизнесмен, жас спортшыларды дайындауға белсенді инвестиция салып келеді.

Пауэрлифтинг Ұлттық федерациясының (IPF бағыты) президенті Жан Мақсатұлы, IPF реестріндегі ұлттық федерация басшысы (2025). Инклюзивті және жастар арасындағы жарыстарды дамытып жүр.

Паралимпиадалық комитет / мүгедектігі бар спортшылар спорты — уақытша басқару құрамында. Бұрынғы басшы Қайрат Боранбаевтың аты экономикалық істерге байланысты тергеулерде аталған соң, комитетті уақытша басшылық қолға алған. Қазір бағдарламаларға аудит жүргізілуде және басқару реформасы жүзеге асырылуда. 2025 жылы қаржыландыру екі есеге жуық өсіп, 920 миллион теңгеге жеткен.

Ақша және басымдықтар

Егер спортқа трибунадан емес, қаржы есебінен қарасақ, көп нәрсе анық көрінеді.

2024 жылы Sport Qory қоры спортқа 30,8 миллиард теңге жұмсаған — бұл кейбір министрліктердің жылдық бюджетіне пара-пар сома. Ресми баспасөз хабарламасынан гөрі, қаражаттың қайда кеткенін қарап-ақ көп нәрсе айтуға болады.

Ең үлкен үлес — 21,6 миллиард теңге — кәсіби клубтарға бөлінген. Мұның ішінде «Барыс», «Astana Team»,  «Астана» ФК,  «Астана» КБК сияқты командалар бар.

Тағы 5,5 миллиард теңге бокс, күрес, дзюдо, теннис, хоккей және жүзу сияқты олимпиадалық спорт түрлеріне бағытталған. Ал ұлттық спорттарға — қазақ күресі, көкпар, тоғызқұмалақ — бар болғаны 1,3 миллиард теңге қарастырылған. Инклюзивті спортқа – 550 миллион, бұқаралық спортқа – небәрі 180 миллион теңге ғана бөлінген.

2025 жылы қордың бюджеті 42,1 миллиард теңгеге дейін өссе де, бөлу жүйесі өзгерген жоқ.
Кәсіби клубтар бұрынғыдай негізгі үлесті (27,5 млрд) иеленсе, олимпиадалық спорт түрлері 8,6 миллиард алды, ал бұқаралық спорт пен инклюзия жалпы бюджет көлемінің үш пайызынан аз қаражатқа ғана ие болды.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы деректерге көз салсаңыз, спорттың тағы бір қыры ашылады.

Қазақстандағы спорт жүйесі қазір мердігерлік механизмге көбірек ұқсайды:
жүздеген келісімшарттар жасалады, ал федерациялар «жарыс ұйымдастыру», «спортшыларды дайындау», «турнирлерге қатысу» сияқты қызметтердің орындаушысы ретінде тіркелген.
Құны бірнеше жүз мыңнан бастап ондаған миллион теңгеге дейін жетеді.

Федерациялар саны көбейіп жатыр, бірақ бұл спортпен шұғылданатын адамдар көбейді деген сөз емес.
Керісінше, көбейіп жатқан — мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімшарттар саны: хоккейден бастап дартс пен капоэйраға дейін бәрі бар.

Қысқасы, Қазақстан спортында сандар өзгергенімен, ойын ережелері сол қалпында.

Диана Ыдрыс,
BM.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев спорт Спорт федерациясы сын

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.