Заңгерлік кеңес тегін көрсетіледі.
Қазақстанның барлық облыстарында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар өз сұрақтарымен жүгіне алатын жедел желі ұйымдастырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Барлық өтініш білдірушілер ұялы байланыс немесе WhatsApp қосымшасы арқылы су тасқыны кезіндегі залалдың орнын толтыру, өтініш беру, қажетті құжаттар тізімі және нақты өтелуге жататындардың орнын толтыруға қатысты тегін заңгерлік кеңес ала алады.
Барлық құжаттарды дұрыс рәсімдеу – су тасқыны келтірген залалдың өтелетініне және барлық өтемақылардың төленетіндігіне кепілдік. Рәсім аса күрделі емес: жергілікті әкімдікке өтінім беру қажет, содан кейін мүлікті бағалау жүргізіледі. Алайда адамдардың қазір қандай күйде екенін ескерсек, біреудің қателесуі немесе процедураларды уақтылы аяқтамау қаупі бар. Осыған байланысты азаматтарға телефон арқылы тегін кеңес беру мен заң көмегін іске қосуды ұйғардық. Сондай-ақ алаяқтардың араласуы немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің қаупі өте жоғары болуы мүмкін. Сондықтан азаматтарға өз құқығын білу маңызды, – деді РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов.
Одан бөлек, «Әділдік жолы» колл-орталығының 1463 нөмірі кеңес алу үшін өтінім қалдыруға қолжетімді.
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мына нөмірлер бойынша хабарласа алады:«Әділдік жолы» РҚБ 2020 жылдың қарашасында құрылған. Мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында 15,1 млрд теңгеге бағаны көтеру және заңнаманы бұзу бойынша 1000-ға жуық фактілер анықталған. Осы және өзге де фактілер бойынша 300-ден астам мемлекеттік орган басшылары мен басқа да тұлғаларға жалпы сомасы 264 миллион теңге айыппұл салынды. Заңды тұлғаларды қосқанда 626 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ұйғарым шығарылды. Құқықтық кеңес беру және сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында 900-ден астам ауылға сапарлар ұйымдастырылды.