• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «80-жылдардағы «Қайрат» қазіргі құрамнан әлдеқайда мықты болған» – Вахид Масудов алматылық команданың кейінгі жетістіктері жайлы

«80-жылдардағы «Қайрат» қазіргі құрамнан әлдеқайда мықты болған» – Вахид Масудов алматылық команданың кейінгі жетістіктері жайлы

6 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: ашық дереккөзден

Аға буын қайраттықтар кезінде Кеңес футболының алып командаларын сескендірген еді.

Қазір «Қайрат» футбол клубы нағыз жұлдызды сәтін өткеріп отыр. Екі жыл қатарынан ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасына қатысуы – Қазнетті дүр сілкіндіріп, елде футболға деген қызығушылықты арттырды.

Алайда, жанкүйерлердің көбі 1980-жылдары бұл клубтың өз «алтын дәуірі» болғанын біле бермейді. 1986 жылы команда КСРО чемпионатында жетінші орын алып, аз-ақ қалған еурокубок аймағына ене алмады. Ал «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудов сол жылы турнирдің ең әдемі голының авторы атанған болатын.

Алматылық клубтың бұрынғы капитаны BM.KZ тілшісіне берген сұхбатында не себепті сол кездегі «Қайрат» КСРО чемпионы бола алмағанын, кеңестік футболшылар қанша жалақы алғанын және «Ірі жеңілістен кейін ойыншыларға автокөлік сыйлау дұрыс па?» деген сұраққа жауап берді.

Қарсыластардың жеңіске деген жігері мықты болды

– Сіздің футболдық мансабыңыз «Қайратпен» тығыз байланысты. Команда сапында сәтті өнер көрсетіп, капитан да болдыңыз. Ол кезең клуб тарихындағы ең үздік нәтиже көрсеткен уақыт еді. Қазір де команда қайтадан футбол Олимпінің шыңына шықты. Осы екі дәуірді салыстырғанда қай құрам мықтырақ болды деп ойлайсыз?

– Мен «Қайратта» 11-12 маусым ойнадым, бұл бәлкім бәрінен ұзақ уақыт болар. Ол кездегі және қазіргі уақыт – мүлде екі бөлек кезең. Қазақстан чемпионатында «Қайраттың» екі жыл қатарынан чемпион атанғанына өте қуаныштымын.

Бірақ, біз КСРО чемпионатында ойнадық, ал ол Еуропаның үздік бестігіне кіретін біріншілік болатын. Сол кезде бізге қарсы «Динамо» (Киев, Минск, Мәскеу, Тбилиси), «ЦСКА», «Зенит», «Торпедо», «Арарат», «Нефтчи» (Баку), «Днепр», «Пахтакор» (Ташкент), «Спартак» сияқты мықты командалар ойнады.

Біздің құрам да өте күшті еді: Ордабаев, Убыкин, Байшаков, Шадиев, Талғаев, Жұманов, Куклев, Кулинич, Яровенко, Пасько, Коньков, Никитенко, Салимов, Масудов, Огай, Бердыев, Гладилин, Ледовских, Шох, Волгин, Стукашов, Пехлеваниди, Сон. Бір-екі есім аталмай қалса, кешірім сұраймын. Негізінен бәрі қазақстандық болатын, әрі бәріне жақсы клубтардан шақырту түскен. Сол себепті менің күмәнім жоқ – ол буын әлдеқайда мықты еді. Қазіргі Қазақстан чемпионатының деңгейін ескерсек, ол кезде біз Екінші лигаға тең дәрежеде ойнадық десек болады.

Сурет В.Масудовтың жеке архивінен

– Қайраттықтармен әлі де араласып тұрасыз ба?

– Иә, бәрімен байланыстамын, ортақ чатымыз бар. Өкінішке қарай, Сеильда Байшаков, Антон Шох, Фанас Салимов сияқты өте жақын адамдарымыз өмірден өтті. Бірақ олар туралы жақсы естеліктер қалды.

– «Қайраттың» КСРО чемпионатындағы басты қарсыласы кім еді және не себепті олай болды?

– Барлық матч біз үшін маңызды болатын. «Динамо» Киев сапында ұлттық құрамадан 12 ойыншы ойнайтын, оларды жеңу – үлкен мәртебе еді. Біз бірде Алматыда оларды ұтқанбыз. Сондай-ақ біздің басты бәсекелесіміз – «Пахтакор» (Ташкент). Ол кезде басшылық матч алдында бізді рухтандырып, ұран айтып, қосымша сыйақы уәде ететін.

Қонаев «Қайратқа» қолдау көрсетіп отырды

– «Қайрат» неге КСРО чемпионатының жүлдегері бола алмады деп ойлайсыз?

– Мәселе менеджментте еді. Лобановский біздің бапкерлермен кездескенде: «Менің қолымда сендердің командаларың болса, үздік үштіктен түспес едім» дейтін. Мұны өз құлағыммен естідім!

– «Қайраттан» КСРО құрамасына кімдер шақырылды?

– Сеильда Байшаков ұлттық құрамаға шақырылған, Евстафий Пехлеваниди – Олимпиада құрамасына, Фанас Салимов барлық жасөспірімдер құрамасында ойнады. Евгений Яровенко – 1988 жылғы Олимпиада чемпионы. Ал мен өзім ұлттық құраманың сапына шақырылдым, бірақ жолдастық кездесуде Олег Блохинмен қақтығысып, аяғымды сындырып алдым.

– 80-жылдары КСРО-да, соның ішінде «Қайратта» футболшылар қанша жалақы алатын? Ол кездегі ойыншыларды ауқатты адамдар деуге бола ма?

– Басқа мамандықтармен салыстырғанда, жалақы жаман болған жоқ – 220-250 рубль, оған қоса жеңістер үшін сыйақы берілетін.

– Сол жылдары республикалық клубтарды Компартияның бірінші хатшылары өз қамқорлығына алатын. «Қайратқа» Қонаев қолдау көрсетті ме?

– Иә, ол Спорт комитетінің төрағасы Аманша Ақпаевқа арнайы тапсырма беріп, бізді қадағалап отырды. Көмек жан-жақты көрсетілді. Футболшылар қажетті нәрсенің бәрімен қамтамасыз етілді. Мысалы, ұзақ жыл ойнағандарға ведомстволық пәтер берілетін. Сондай-ақ өз бағасымен автокөлік сатып алуға мүмкіндік болды. Жиһаз алуға да жәрдемдесетін. Қысқасы, мемлекет тарапынан қолдау әрдайым сезіліп тұратын.

Сурет В.Масудовтың жеке архивінен

«Рафаэль Оразбахтинге баспана сыйласа, жасқы болар еді»

– Қазір табысты ойындар үшін берілетін сыйақылар шамадан тыс көбейіп кеткен жоқ па?! Мысалы, «Қайраттың» жас қақпашысына «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін автокөлік сыйға тартылды. Бұған не дейсіз?

– Сыйласа жақсы болыпты. Мені ұйымдастыру мәселесі қынжылтты. Антураж, түсірілім, видео, бәрі жасанды көрінді. Осындай 0:5 есебінен кейін сыйлықты үнсіз, жұртқа көрсетпей табыстауға да болар еді. Демек, қазір заман басқа.

– Сіз бір сұхбатта «Алтай Өскемен» – Шығыс Қазақстан футболының қайта түлеуінің символы деп айтқан едіңіз. Расында да, солай болды: «Алтай» Премьер-лигаға шықты, «Елімай» еурокубок аймағына енді. Ал кейбір клубтар жылдар бойы Премьер-лигаға өте алмай жүр. Сіздің командаңыз екінші маусымда-ақ шықты. Мұның сыры неде?

– Біз еңбектің өтеусіз қалмайтынына сендік. Бастапқы мақсатымыз – команданы Премьер-лигаға шығару еді. Жаттықтырушылар штабына үлкен алғыс айтамын, бәрі кәсіби мамандар! Біз ойыншыларға сендік және табысқа жететінімізді білдік. Ойыншыларға да рахмет, сендер мықтысыңдар, сендермен мақтанамын! «Елімайдың» да Еуропаға шыққанына қуаныштымын. Олар соны қалады және соған жетті!

– «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуынан кейін Қазақстанның көптеген клубы УЕФА талаптарына сай жаңа стадион салатынын хабарлады. Бұл үрдіске қалай қарайсыз? «Алтай» жаңа арена салуды жоспарлап отыр ма?

– «Қайраттың» жетістігі – фантастика! Әлемнің үздік клубы «Реалды» Қазақстанға әкеліп, бізге осындай керемет команданы өз көзімізбен көруге мүмкіндік беру – үлкен еңбек. Рафаэль Оразбахтин үшін қатты уайымдап, жетістігіне қуанамын. Бұл оның тікелей жетістігі. Ол менде «Қайратта» да, ұлттық құрамада да ойнаған, адал әрі құрметке лайық азамат. Егер мүмкіндік болса, әкімдік немесе демеушілер оған баспана сыйласа, жақсы болар еді – ол ата-анасымен бірге пәтерде тұрады. Ал жақсы стадиондар әр өңірде салынуы тиіс!

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Темірлан Құсбаев,

Астана

BM.KZ

Сурет В.Масудовтың жеке архивінен

BM.KZ АНЫҚТАМАСЫ

КСРО дәуіріндегі «Қайрат» командасының жарқын өкілдерінің бірі – Вахид Масудов 1959 жылы Жамбылда дүниеге келген. Ол өзінің кәсіби мансабын туған жеріндегі «Химик» командасында бастаған. Әскери міндетін өтегеннен кейін 1980 жылы «Қайратқа» шақырылды. Сол жылы 9 қазанда жылдам қимылдайтын жартылай қорғаушы Масудов «Қайраттың» сапындағы алғашқы голын соқты. Бұл голды ол «Спартак» қақпасын қорғаған әйгілі Ринат Дасаевтың қақпасына енгізген еді.

1986 жылы «Қайрат» КСРО Жоғары лигасында қазақстандық командалар арасындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізіп, турнир кестесінде жетінші орынға ие болды.

1992 жылы Вахид Масудовтың бай тәжірибесінің арқасында «Қайрат» тәуелсіз Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпазы атанды. Футболшы ретіндегі мансабын да «Қайрат» клубында аяқтады – 1997 жылы ол ойыншы әрі бапкер қызметін қатар атқарды.

Қазіргі уақытта Вахид Масудов Өскемен қаласының «Алтай» командасын жаттықтырады. Биыл бұл команда Қазақстанның Бірінші лигасында үшінші орын алып, Премьер-лигаға жолдама жеңіп алды.

Вахид Масудов КСРО Қайрат ФК Рафаэль Оразбахтин спорт футбол

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.