Су тасқыны кезеңінің басынан бері 75 982 адам құтқарылды, оның ішінде 18 681 бала бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала бар. 7 млн текше метрден астам еріген су тартылып, 993 мыңға жуық қап төселді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл мәлімдеді.
«1739 тұрғын үй мен 1743 аула аумағынан су бұрылды. Авариялық — құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1600-ден астам техника, 377 су айдау құралы және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды», — деді спикер.
Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, ШҚО, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 3745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалып отыр.
«Шайылған 105 автожол, көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда тұр. Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары тұр»,-деп түйіндеді спикер