Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – Болгария президенті Румен Радев өзінің отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды DW.
Ол бұл қызметті 2017 жылдан бері қатарынан екі мерзім атқарған. Радевтің отставкасы Болгарияда желтоқсан айында басталған жаппай наразылықтар аясында болып отыр.
Наразылыққа әлеуметтік желілерде тараған бейнероликтер себеп болған. Олардың бірінде билік коалициясындағы депутаттар «Лукойлдың» жергілікті активтеріне қатысты заңды небәрі 26 секундта қабылдағаны көрсетілген. Ал екінші видеода түскі үзіліс кезінде даулы бюджет жобасы бойынша дауыс беру сәті бейнеленген.
11 желтоқсанда наразылық акцияларының аясында Болгарияның премьер-министрі Росен Желязков та қызметінен кеткен.
