• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Людмила Прокашева: «Нагано Олимпиадасына Медеуде, жарықсыз дайындалдым»

Людмила Прокашева: «Нагано Олимпиадасына Медеуде, жарықсыз дайындалдым»

22 января, 2026 Басты тақырып
Фото: Рамазан Серғазиев / BM.KZ

Людмила Прокашева – атақты конькимен жүгіруші. Ол Қазақстан атынан Қысқы Олимпиадаға қатысып, медаль жеңіп алған бес спортшының бірі.

Италияда өтетін Олимпиада және өзінің туған күні қарсаңында Людмила BM.KZ сайтына сұхбат берді. Сол сұхбатта ол медалін сата жаздағанын айтты, қысқы спорттағы сыйақылар туралы әңгімеледі. Әлеуметтік желілер оның 1998 жылғы жеңісін әлі күнге дейін еске салып отыратынын да тілге тиек етті.

– Нагано Олимпиадасында 5 000 метрге жүгіруден қола жүлдені жеңіп алғаныңызға 30 жылдай болыпты. Қазір жаңа буын спортшыларының да саны артты. Сіздің ойыңызша Қазақстандағы қысқы спортқа көзқарас өзгерді ме?

– Наганоға дайындықты қазіргі Олимпиадамен салыстыру мүмкін емес. 1998 жыл еліміздің қалыптасу кезеңі еді. Кеңес Одағы кезінде жинақталған жүйенің бәрі ыдырап жатты. Мен Олимпиадаға Медеу мұз айдынында дайындалдым. Бірақ ол кезде Медеудің аты бар да, заты жоқ еді.

Мен жарықсыз мұз айдынында жаттықтым, біз бір тәулік бойы жарықсыз отырдық. Спарринг-серіктестерім де болмады. Ұлттық құрама Олимпиада алдында Италияға дайындыққа кеткен кезде мен ешқайда бармадым. Үйде қалдым, мұз дайын болатынына үміттендім. Соған қарамастан, бәрі оңынан болды. Бұл қиындықтар мені шыңдай түсті.

Қазір спортшыларда төртжылдық Олимпиадаға дайындалуға қажетті барлық жағдай бар. Ең бастысы – біздің спорт түрінде бапкерді жиі ауыстырмау маңызды. Қазір ұлттық құрамада өте мықты мамандар жұмыс істейді. Олардың ішінде ресейлік Сергей Клевченя, поляк Павел Абраткевич бар. Сондай-ақ Алексей Есин де жаттықтырады. Бұл адамдар өздері жоғары нәтижеге жеткен, сонымен қатар көптеген әлемдік жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тәжірибелі бапкерлер.

Фото: Рамазан Серғазиев / BM.KZ

– 1998 жылға қайта оралсақ. Пьедесталда тұрған кезде қандай сезімде болдыңыз, қандай әсер алдыңыз, әлі күнге дейін есіңізде ме?

– Әр төрт жыл сайын, Қысқы Олимпиада басталғанда, бұл естеліктер қайта оралады. Мысалы, қазір TikTok-та бір қолданушы видеоролик жасапты. Ол жылдар бойы Қазақстан спортшыларына жанкүйер болып, қолдау көрсетіп келе жатқан жан. Видеода менің мәреге жеткен сәтім бар, сол сезімдер әлі де менің бойымда. Жеңіске жеткенімді біліп тұрсам да, ішімнен: «Қане, алға! Ол артыңнан қуып жетіп қалды!» деп ойлаймын. Ішкі сезімдерім әлі де тірі. Олимпиададағы шаршауымды ешқашан ұмытпаймын – бірінші қашықтықтан кейін, үш мың метрден кейін және бес мың метрден кейінгі шаршау. Бұл ұмытылмас сезімдер.

Жапония өте ерекше ел. Медаль жеңгенде адамдардың айрықша мейірімін сездім. 1996 жылы біз Харбинде (Қытай) өткен Азия ойындарында болғанда да сол ілтипатты сезіндім. Ол ойындарда мен бірінші болып алтын медаль жеңіп алдым. Мені Олимпиада жеңімпазы сияқты қарсы алды. Бүкіл стадион тұрып, біздің елдің әнұранын айтты. Бұл өте жылы сәт еді.

Бірақ сол кездері, мен жүргірген уақытта, бізбен бірге журналистер болмады, сондықтан Олимпиададан менде көп фотосурет жоқ. Тек бір ғана сурет бар. Ал қазір TikTok-та жарияланған видеоларды көргенде қуанып қаламын. Мұндай керемет роликтер жасаған адамға үлкен алғыс айтамын.

Фото: әлеуметтік желіден

– Сол Олимпиададағы қарсыластарыңызбен немесе командаластарыңызбен байланысып тұрасыз ба?

– 1998 жылғы командада мен ғана болдым. Егер қарсыластар туралы айтатын болсақ, біз үнемі байланыста емеспіз, бірақ бір-бірімізді мерекелермен, туған күндермен құттықтаймыз. Мысалы, неміс спортшысы, бірнеше дүркін олимпиада чемпионы Гунда Ниманның Instagram және Facebook парақшаларында бармын. Мен оның өмірін бақылап отырамын, ол да менің өмірімді бақылайды.

– Спортшыларға берілетін сыйлықтар мен жүлделер туралы сөйлесейік. 90-шы жылдардың соңында спорт айналасында қазіргі әлеуметтік желілер дәуіріндегі сияқты шу жоқ еді. Сондықтан жүлде сомалары әлдеқайда төмен болды. Қазіргі қазақ спорты, әсіресе футболда («Қайратқа» деген қызығушылықты айтпағанда) сыйлықтар мәселесі ақылға сыймайтындай көрінбейді ме?

— Жоқ, футбол – мүлде басқа сала, бұл саясатпен байланысты. Сондықтан мен ешқашан бізді футболшылармен салыстырмаймын. Әрине, менің нәтижелерім көбіне біздің футболшылардан жоғары болды. Тіпті «Қайрат» немесе Қазақстан құрамасын айтпағанда да. Иә, менде ойын спортындағыдай ай сайынғы жалақы немесе жүлделер болмады. Бірақ әрбір спортшы бір басты мақсатқа ұмтылады – Олимпиадаға қатысып, медаль жеңіп алу. Сол кезде мен үшін ол сыйлықтардан әлдеқайда маңызды болды.

Әрине, кейде ойлайсың: «Неге оларда солай, ал бізде басқаша?» дегендей. Бірақ жүйені біз өзгерте алмаймыз. Әсіресе, онда демеушілер бар. Және «Қайрат» қорғаушысына автокөлік сыйлағандары өте дұрыс болды. Мен өзім ойындарды көрдім, маған да ұнады. Және бұл сыйлықты мемлекет берген жоқ, оны жеке адам жасапты. Менің ойымша, бұл жүрегі кең, жақсы адамның ісі. Осындай адамдар көп болса, тек футболшылар емес, жеке спорт түрлеріндегі, шын мәнінде жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылар да марапатталатын еді.

Бірақ менің айтқым келетіні, бізде мемлекеттік дотациялар бар. Егер спортшылар Олимпиадада жеңіске жетсе, бүгінгі жүлделер қоры жеткілікті дәрежеде жоғары. Бірақ мәселе мынада: Олимпиада әр төрт жылда бір рет өтеді, және оған дейін өмір сүріп, дайындалып, жүлделі орынға жету керек.

Қазіргі жүлделерді біздің 1998 жылғы жүлделермен салыстыру мүмкін емес. Сол кезде қола медаль 20 мың доллар болса, қазір шамамен 75 мың. Бірақ мен мынандай ұсыныс жасар едім: спортшының дайындығы мен сапарын республикалық бюджет арқылы облыстық бюджетке өтеу жүйесін енгізу. Мысалы, спортшы бірнеше жыл бойы облыстың есебінен жарыстарға қатысып, ірі турнирге іріктеліп, медаль жеңіп алса, республикалық бюджет облыстың шығынын өтегені дұрыс болар еді.

Мысалы, өткен жылдың наурызында мен Арина Ильяшенкоға коньки сатып алдым. Себебі, ұлттық құрамадан оған 39 өлшемдегі аяққа 42 өлшемдегі коньки берілген және конькилері сөгіліп кеткен. Спартакиада мен Азия ойындарында ол сөгілген конькимен шықты. Мен мұны немқұрайлылық пен жаттықтырушы штабының қателігі деп санаймын. Сол себепті, облыс көтерген шығындарды өтейтін механизм болса жақсы болар еді.

Фото: Рамазан Серғазиев / BM.KZ

– Казнетте көп жыл бұрын ақпарат тарады. Сіздің медалыңызды сатпақ болдыңыз. Сол кездегі өмірдің қиын болғаны түсінікті. Қазақстандықтар үшін бұл жағдай таңсық емес. Қазір мемлекеттен берілетін қолдау конькишілерге лайықты өмір сүруге мүмкіндік береді ме?

– Иә. Спортшы мемлекеттік қамтамасыз етуде болса, ешқандай қиындық жоқ. Егер ол Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болса, құрамадан да жалақы алады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға сыйақы да алады.

Мен медальді сатуға шығарған кезең 2014–2015 жылдар еді, қиын кездер еді. Жүгіруді аяқтағанмын. Спортта тапқан ақшалардың бітетін уақыты да болады. Сол кезеңде мен ата-анама жақын тұру үшін үй салуды бастаған едім. Әрине, ақша қажет болды.

Сол кезде жалақы жоқ еді, бізге қолдау көрсетілмейтін. Қазір, мысалы, еңбек сіңірген спорт шеберлері мен еңбек сіңірген жаттықтырушылар өмір бойы 340 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады. Сондықтан қазір қаржылық жағынан жағдай әлдеқайда жақсы.

– Людмила Вячеславовна, Италиядағы қысқы Олимпиадаға болжамыңыз қандай? Ұлттық құрамамыздың мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

– Мен болжам бермеймін, бірақ біздің командамыз өте жақсы. Ұлттық құрамада тамаша мамандар бар деп есептеймін, сондықтан біз табысқа жететінімізге сенеміз және жеңістен күдер үзбейміз.

P.S.: BM.KZ редакциясы еліміздің көрнекті спортшысын туған күнімен құттықтайды және оған денсаулық, бақыт, амандық және жаттықтырушы қызметінде табыс тілейді!

Темірлан Құспаев,
BM.KZ

конькимен жүгіруші Людмила Прокашева Олимпиада спорт

Оқылып жатыр

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.