Атырауда Жайық жағасындағы камералар онлайн трансляцияға қосылды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, өзен жағалауына «Сергек» жүйесінің бірнеше камерасы орнатылған.
«Камералар Индербор кентінің көпірінен бастап, Махамбет көпірі, Сарайшық, Алмалы ықшамаудандарында және қаланың қала маңындағы елді мекедерде Дамбаға дейін қолжетімді.
«Камералардан Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде, Махамбет ауданындағы салынған көпірлерде, Сарайшық ауылында орнатылған. Мұндай камералар Атырау қаласында және оның маңындағы Бесікті, Геолог, Ширина, Зарослый, Дамбы ауылдарында да бар. Енді мұнайлы өңір тұрғындары картадан қалаған учаскедегі тасқынға қарсы жұмыстың барысын камерадан бақылай алады», — дейді Жасұлан Бисембиев.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Береке, Алмалы, Бесікті ауылдарын су басуы мүмкін екенін жазған едік.