Әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды алып қашпақ болған жігіт 4 жылға сотталды. Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қабылданды.
Айыпталушы Жаңаөзен қаласынан Шымкентке қызды алып қашу үшін арнайы барған.
Жәбірленуші берген түсініктеме, сондай-ақ оқиға орнын тексеру хаттамасы мен алынған бейнежазбаларды қарау барысында сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыпталушы да өз кінәсін мойындаған.
«ҚК-нің 63-бабына сәйкес, жаза шартты деп белгіленді. Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.