• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Малдарына сырға тақпаған ауылдықтар шығынға отыруы мүмкін

Малдарына сырға тақпаған ауылдықтар шығынға отыруы мүмкін

22 апреля, 2024 Жаңалықтар

Үкімет фермерлер үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру құралдарын ақылы етпек.

Мемлекет топан суға қарық болып өлген төрт түлік малдың барлық иелеріне өтемақы төлеуге шешім қабылдады. Осы мақсатта Су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың хаттамасымен, өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу алгоритмі бекітілді.

Алайда мұнда бір «гәп» бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, мал өлекселерінің меншік иесін анықтау үшін әрбір жануардың бірдейлендіру нөмірі – құлағындағы сырға-биркасы, денесіндегі таңбасы және тағы басқасы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен» салыстырылады. Мал сонда тіркелсе, өтемақы да төленеді.

Бұл ретте еліміздегі малдардың бәрінде бірдей идентификациялау құралдары жоқ. Сол үшін шенділер мал иелерін үнемі жазалайды.

Мысалы, тек ресми мәліметке жүгінсек, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 406-бабы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы сәйкестендіру жүргізілмегені үшін 2023 жылы мал иелерінің үстінен 354 хаттама толтырылып, оларға жалпы сомасы 6 116 125 теңге айыппұл салыныпты. Хаттама толтырмай, парамен «жауырды жаба тоқи» салған оқиғалар қаншама?

Сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 6 136 425 теңгеге 147 хаттама толтырылды.

Бұл жерде қасақана тіркеуден жасырып қалмаса, мал иелерінің кінәсі жоқ. Бұған жергілікті атқарушы биліктің мал сырғаларын уақытында сатып алмауы айыпты.

Өйткені биылғы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сәйкестендіру деп те айтылады) құралдарына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру әкімдіктердің құзыретіне берілді.

2024 жылғы сәуір аяқталуға таяды. Алайда 3 сәуірдегі жағдай бойынша тек Жетісу облысы – 203 994, Ұлытау облысы – 79 253, Шымкент қаласы – 26 400, Алматы қаласы – 1050 дана ірі қара малға арналған сәйкестендіру құралдарына мемлекеттік сатып алу өткізіпті. Бүгінде оларды жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Қалған 15 облыс пен Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сатып алуды өткізбеген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, бұл өз кезегінде малдың уақытылы есепке қойылмауына әкеліп соқты.

Биыл еліміздің 11 облысын топан су басты, малдарға сәйкестендіру құралдарын уақытылы сатып алып тақпаған да дәл осы өңірлер екен. Салдарынан, қорасында мал ұстаған бұқара халық, алдындағы төрт түліктен нәпақасын айырып келген ауыл кәсіпкері өзіне тиесілі өтемақыдан жаппай қағылайын деп тұр.

Өңірлерде «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс-шараларды жүргізу» бюджеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаржының толығымен игерілмеу қаупі туындаған.

Мал дәрігерлері бұл проблеманың елге төндірген тағы бір қаупін атады: өмірлік қажетті вакциналар тек тіркелген малға салынатыны мәлім. Әкімдіктердің сәйкестендіру құралдарын сатып алуды кешіктіруі салдарынан есепке алынбаған малдарға және олардың төлдеріне көктемгі ветеринариялық-профилактикалық шаралар жасалмауда. Салдарынан олар ауруға душар болып, қырылып жатады.

Қолданыстағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары» бойынша малдың төліне келесі жасқа жеткен күнінен бастап 14 жұмыс күнінен кешіктірілмей идентификация жүргізіледі:

• бұзау, қозы, лақ, боталар – туғаннан бастап 7 күн өткен соң;

• құлындар – 4 айлық жастан бастап;

• торайлар – үш айлық жасынан бастап.

Оқылып жатыр

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды…

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.