Қазақстан Қашағанда мұнай өндіретін халықаралық компаниялардан жоғалтқан пайдасы үшін 150 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр.
Bloomberg жазғандай, Қазақстан бұған дейін Қашаған мен Қарашығанақта мұнай өндіретін халықаралық компаниялардан сәтті өтемақы талап еткен. Мәселен, 2020 жылы Shell, Eni және олардың Қарашығанақ мұнай-газ кәсіпорнындағы серіктестері мемлекетпен табыстарды бөлуге қатысты көптен бері келе жатқан дауды реттеу үшін 1,3 миллиард доллар төледі. 2008 жылы Қашаған серіктестері Қазақстанға 5 миллиард доллар төлеуге және кәсіпорынның ірі үлесін мемлекеттік «ҚазМұнайГазға» сатуға келісіп, кііріс пен шығынға байланысты дауды шешті.
Бұл мәселе бойынша «Байтақ» жасылдар партиясының жасыл экологияны дамыту департаментінің директоры, эколог Азамат Аяйбергеновтен пкірін білген едік.
«Қазақстанның бұл талабы заңды әрі дұрыс. Қазақстан халқы табиғи байлықтарының пайдасын көретін уақыт келді. Шетелге асып жатқан миллиардтаған доллар қаражат қайтарыласа Қазақстан экономикасына тигізер септігі орасан зор болмақ. Сондықтан да «Байтақ» жасылдар партиясы» Үкімет бастамасын толығымен қолдай отырып, партияластарымызды және жақтаушыларды бұл істе Үкіметтің көзқарасын қолдауға шақырамын» деді.
Айта кетсек, 2023 жылы Қазақстан Қашағандағы серіктестерімен арадағы дауларды тікелей келіссөздер арқылы шешу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған еді. Алайда мұнай игеруші компаниялар тарапынан қолдау болмағандықтан Қазақстантарапы сотқа жүгінуге мәжбүр болып отыр.
Baimedia.kz