Олар Қазақстанға 2025 жылдан кейін де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымыран тасымалдағышын ұшыруды жалғастыруды ұсынды.
Хруничев атындағы зымыран орталығының бас директоры Алексей Варочконың айтуынша, «Протон-М» зымыран тасымалдағышының кейбірі ресейлік ғарыш бағдарламасын жүзеге асыру үшін, ал кейбіреулері коммерциялық ұшыру үшін пайдаланылады.
Бұған дейін, 2015 жылы Қазақстан мен Ресей «Протон» зымырандарын ұшыруды 2025 жылдан кейін тоқтатамыз деп келіскен еді.