Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған.
«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 341-бабы бойынша «Ормандарды жою немесе бүлдіру» қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ТЖМ.
Өртті сөндіру үшін тікұшақпен әуеден 129 мәрте 387 тоннадан астам су төгілді.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.
Бұған дейін Алматы облысының Балқаш ауданының Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатқанын хабарлағанбыз.