• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Міндетті экологиялық талаптар

Міндетті экологиялық талаптар

3 марта, 2024 Қоршаған орта

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтармен тиімді жұмыс істеу туралы» баяндама барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев міндетті экологиялық талаптарды атап өтті.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін азайтуға ықпал ететін тағы бір міндетті экологиялық талап – қоқыс шығаратын машиналарды (ҚТҚ тасымалдайтын) GPS датчиктерімен жабдықтау және нақты уақыт режимінде қозғалыс туралы ақпаратты Экология министрлігінің ақпараттық жүйесіне беру. Бұл ақпараттық жүйе өткен жылдың күзінен бастап тәжірибелік пайдалануда және ағымдағы жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Экология кодексінің 368-бабының 2-тармағына сәйкес ҚТҚ тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесіне беруге міндетті.

Мысалы, Шымкент қаласы бойынша пилоттық жоба іске асырылды («Шымкент арнайы кешені» ЖШС ұйымы, 42 көлігі бар), нақты уақыт режимінде біз 42 қоқыс шығаратын көлік құралының-қалдықтарды жинау орындарынан оларды орналастыру орындарына дейін қозғалысын көріп отырмыз.

Енді, құрылыс қалдықтарына бөлек тоқталғым келеді.

Мәселен, Экология министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп «Е-құрылыс» ақпараттық жүйесін күшейту аясында қалдықтарды түзушілердің (құрылыс компанияларының) құрылыс қалдықтарының қозғалысын бақылау тетігін пысықтауда. Қалдықтардың пайда болу көлемі және арнайы кәсіпорындармен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша шарттардың болуы туралы мәліметтерді осы жүйеде көрсету ұсынылады. Бүгінгі таңда нормативтік техникалық құжаттарға өзгерістер енгізілуде (ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 1.03-00-2022 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру» ҚР Құрылыс нормаларына тиісті өзгерістер енгізуде).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әкімдіктермен бірлесіп құрылыс қалдықтарын жинау алаңдарын ұйымдастыру және қайта өңдеу бойынша қуаттарды ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

19 өңірде бұл жұмыс жолға қойылды және 8 өңір бойынша (Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстары) Жол карталары әзірленді.

Сонымен қатар, азаматтар мен бизнес субъектілерінің санасын арттыру мақсатында белгіленген орындардан тыс жерлерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту мәселесі қарастырылуда. Осы түзетулер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуде.

Экология министрлігі белгіленген орындардан тыс жерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұлдарды ұлғайтуды көздейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер әзірледі. Мысалы, жеке тұлғалар үшін 50 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 100 АЕК-тен 750 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін.

ӘҚБтК-дегі осы түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астананы және Республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының (әзірлеуші орган – ҰЭМ) жобасы шеңберінде көзделген, ол бүгінде қоғамдық тыңдаудан өтті және көрсетілген түзетулер бойынша реттеушілік әсерге талдау (РӘТ) жүргізіледі (себебі, бизнес субъектілеріне қатаң талап енгізіледі).

Оқылып жатыр

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

Алдағы күндері күн күрт суытады

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025355 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.