Біздің облыстық филиалының фронт кеңсе қызметкерлеріне әр адаммен дербес жұмыс жасауға жүктелген міндеттерімізді атқарудамыз. Қандастар фронт кеңсеге қабылдауға келуімен қатар Call орталығының байланыс телефондарына, әлеуметтік желідегі парақшаға звондап өздерін мәселесін айтып, кеңес алуда. Сонымен қатар қандастардың мәселелерін жергілікті мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп шешу бойынша нақты қолдау көрсету, ақпараттық консультациялық көмек көрсету, құжаттарын рәсімдеу барысында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, облыстық ПД-нің Көші-қон қызметі басқармасы, «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ, қала, аудан мансап орталықтарымен тығыз байланыста жұмыстаймыз.
Облыстық филиал тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды облыс, республика деңгейінде насихаттауға облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде, «PavlodarNews.kz» ақпараттық порталда, ресми сайтта, сондай-ақ «Instagram» dqq_otandastar_pvl, «fasebook.com Dqq otandastar Qory» әлеуметтік желілерінде және өзіміздің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларымызда тұрақты хабарланып шығып тұрады.
Оның ішінде облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы тарапынан жарияланған мемлекеттік сатып алу тапсырыстарын орындау бағытында тұрақты жұмыс жасап жатқандығымызды айта кеткенді жөн көрдім. Себебі облысқа көшіп келген қандастарды жаңа ортаға бейімделіп кетуіне облыс, қала, аудан әкімшіліктер тарапынан үнемі қолдау көрсетуде.
2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Қандастармен, сондай-ақ жұмыс күші артық өңірлерден көшіп келген адамдармен ақпараттық-түсіндіру ақыл кеңес беру, оларды жаңа ортаға бейімдеу, консультативтік-әдістемелік жұмыс жүргізу» әлеуметтік жобасы, «Отандастар қоры» КеАҚ-ны жылдық жоспары техникалық ерекшіліктеріне сәйкес төмендегі жұмыстарды атқарылды. Мысалы:
— Офлайн режимінде күнделікті жеке жұмыс арқылы ақпараттық-түсіндіру, консультациялық-әдістемелік жұмыс жүргізе отырып, қоғамдық қабылдау жұмысын ұйымдастырылды осы іс шара аясында 520 адам фронт кеңсе тікелей келді. — Онлайн 800 ге жуық адам хабарласты. Оларға әрі түрлі ақыл кеңес беріліп, барлығы 1320 адамға көмек көрсетілді.
— Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуге, көшіп-қонушы отбасылардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ықпал ету, келу фактісі бойынша әрбір отбасын қамту, Қазақстан Республикасының азаматтығына 725 адам құжат тапсырды.
— Жұмысқа орналыстыруға 36 адамға көмек көрсетілді.
— E-gov, E-qonaq порталына 275 адамға уақытша тіркелуіне көмек көрсетілді. — Медициналық байқаудан өтуге № 028 форма бойынша 143 қандас көмек алды.
Облысқа қоныстанған қандастардың тыныс тіршілігі, бейімделу барысы, қолданыстағы заң актілеріне кірген өзгерістермен толықтырулар жөнінде 138 пост әлеуметтік желілерге жарияланды.
Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Азербайжан, Ауғанстан, Тәжікстан
Қытай, Моңғолия елдерінен көшіп келген қандастардың 1861 құжаттарына қазақ тілінде аударма жасалып, рәсімдеуге техникалық көмек көрсетілді. Оның 78 пайызы тек Моңғолия елінен келген қандастардың құжаты болды.
Алыс жақын шетелден көшіп келген Оңтүстік облыстардан қоныс аударғандарға басқарма басшысының бекітілген кестесі бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізілді. Іс шараға барлығы 457 адам қатысты. Қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылды.
Қазан айында шетелден көшіп келген 10 қандасқа облыстық «Ана тілі орталығы» ЖШС арқылы ресми(орыс) тілі үйрену бағытында оқытып, біліктілік туралы сертификат берілді. Сонымен қатар қазан айында Астана қаласында ұйымдастырылған халықаралық «Отандастар форум» іс шарасына Павлодар облысынан 6 адам қатысты.
Ұлттық мереке-Республика күні қарсаңында алыс жақын шетел елдерден келіп, елеулі еңбек жасап жатқан 12 адам Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы сыйлықтармен марапатталды. Оның ішінде қандастар мәселесіне көңіл бөліп, тұрақты насихаттап жүрген, Қазақстан ұлттық арнасының журналисті-қоғам белсендісі Болат Аманбаев, 30 –ға жуық жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған Екібастұз қаласының Бәйет ауылдық округінің әкімі Докторхан Амантайұлы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Құрмет грамотасы мен«Алғыс» медальмен марапатталса, қоғамның әр саласында қызмет атқарып, болашақ ұрпақтарға өнеге болып жүрген 12 азамат, азаматшалар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының «Алғыс хаты» табысталды. (Қосу керекпе жоқпа білмей қалдым.)
І
Алыс жақын шетелдерден қоныс аударуға ниетті қандастардың назарына!!
Енді алыс және жақын шет елдерден елімізге оралған қазақ отбасының ҚР-ның шекарасынан өтіп, ҚР-ның азаматтығын алғанға дейінгі уақыттағы тыныс тіршілігінің қыр-сырын бүгінгі жағдайға байланысты сіздердің назарларыңызды аударғым келеді.
- Қандастар шекарадан өтіп келген күннен бастап, үш тәулік ішінде жергілікті көші-қон қызметі бөліміне барып немесе Egov, E-qonaq арқылы хабарлама жіберіп уақытша тіркеуге тұрады.
- Отбасының шетелдік құжаттарын мемлекеттік тілге аудартып, міндетті түрде нотариуспен куәландырады. Көшіп келгендердің барлығы қала орталығында тұрмайды, көбі аудан, ауылға барып, таныс-жақын туысқандарын паналап тұру қажет болады.
- Көшіп келушілерге бірінші кезекте 5 түрлі құжат қажет болады.
Моңғолия, Қытай сияқты Гаага конвенциясына кірген елдерден көшіп келген қандастар «Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес міндетті түрде жеке жеке апостиль бастарып әкелу қажет. Олар:
- Ұлтын анықтайтын анықтама — 1 дана (апостиль басылады.)
- Соттылығы жоқтығын дәлелдейтін анықтама — 1 дана (апостиль басылады.)
- Толық емес отбасылары болса әке шешесінің қайтыс болғандығын растайтын куәлігі -1 дана (апостиль басылады.)
- Отбасындағы 18 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері — 2 дана (жеке жеке) апостиль басылады.
- Егерде жалғыз басты 18 жастан асқан азаматтарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұру ықтиярхатын алу үшін (ұлтын анықтайтын және соттылығы жоқтығын дәлелдейтін) анықтамаларды жеке жеке апостиль бастарып әкелу қажет.
Сондықтан мысалы Қазақстан мен Моңғолия арасында пайдаланылатын құжаттар апостильденуі тиіс. Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан басылып (апостиль) қойылады.
Апостиль бастырған құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Елге көшіп келген соң қажет болған жағдайда (оқу бітірген диплом немесе орта мамандық куәлік, аттестаттары, әскери билет, сертификаттар т.б) қосып аудартып, нотариус арқылы куәландырады.
Барлық құжаттарды рәсімдеген соң елге келген қандастарымыз қоныстанған қала, аудандағы ХҚКО-на барып ең алдымен бірінші қадамы ЖСН/ИИН алу тапсырады, Ол құжат 2-3 күнде дайын болады.
Екінші қадам. Тұрақты тұруға рұқсатты алу (ҚР-ның ІІМ-нің №992 бұйрығының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес) және Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен тапсыру қағидалалары (ҚР-ның ІІМ-нің №85 бұйрығының 7-1 қосымша) бойынша тапсыру жұмыстарына кіріседі. Осы қағидада көрсетілген: а) бұрынғы тұрған мемлекетінің Президентінің атына азаматтығынан бас тарту өтінішті нотариустан алады.
г) медициналық куәландырылғаны туралы анықтама форма № 028у алу қажет.
Қазақстан Республикасы аумағында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі 2020 жылғы 1- қаңтардан бастап қолданылады. Осы жүйе бойынша қандастарға бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің алуға кепілдік берілсе де форма № 028у бойынша қандастар ақылы түрде қызмет алып жатыр. Ата анасымен бірге келген 18-ге дейінгі жастағы балалар өтпейді.
Медициналық куәландырылғаны туралы анықтама Форма № 028у бойынша Флюраграфия, СПИД орталығы, Инфекционный/жұқпалы аурулар/ (спид орталығының анықтамасымен барады), Кож. вен(тері аурулар), Туб/диспансер Наркодиспансер, Психдиспансерлерге қаралып анықтама алып, формаға мөр бастырады. Жалпы дәрігерлік байқау (мед қорытынды негізінде) бір адамға 32 000 тенге қаражат жұмсалады.
Қандастардың басым көбі дереу үй сатып алатын мүмкіндігі болмайды, сондықтан үй жалдап тұруға қажет болады. Ол үшін жалдайтын үй іздеп тауып меншік иесінен тұрақты тіркелуге нотариус арқылы келісім алады. Құжаттарды рәсімдеп, жинау қадамдарға байланысты ауыл, аудандарға қоныстанғандар үшін 10-15 күн, қалалы жерге қоныстанғандарға 7-10 күн уақыт қажет болады.
Қандастардың отбасы барлық құжаттарын әзірлеп, екі мекемеге тапсырады. Қазақстанға көшіп келген қандастар тұрақты тіркеуге тұру, ықтиярхат алу туралы өтінішті қызмет көрсетуші Мемлекеттік корпорациясының ХҚКО-на тапсырады олар 45 күнін ішінде қорытынды шығарады. Ал, қандас тұрақты тұруға рұқсатты беруді және Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен бірмезетте қабылдау туралы өтінішін қала, аудандағы ПД-ның Көші-қон қызметі басқармасының бөлімдеріне тапсырады. Құзырлы мекеме құжаттарды 3 (үш) айдың ішінде қарап шешім шығарады. Осымен келген қандастар құжаттарының жауабын күтумен қатар, өздерінің жағдайларына байланысты әр түрлі жұмыстармен айналысады.
Үшінші қадамы. Қандас мәртебесіне тапсыру: 2023 жылғы тамыз айынан бұрын «Қандас» мәртебесі 3 жұмыс күн ішінде беріліп келген еді.
Өкінішке орай, 2023 жылғы 11 тамыздан бастап мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 35 жұмыс күнге созылып, Қандас мәртебесін 2023 жылы 1 қазаннан бастап, «Kutty meken» мобильді қосымшасы арқылы алатын болды. Бұл өзгерістерде біз жасаған жоқпыз, жоғары заң шығарушы органнан келген шешім еді. Осы қосымша кейде дұрыс жұмыс істемей келген қандас құжаттарын тапсыра алмай әуре сарсаңға түсіп жүр.
Көші-қон бойынша 13 бағытта қызмет алуға мүмкіндігі бар «Құтты мекен» мобильді қосымшасы шетелдіктердің Қазақстанға келуін жеңілдететуге көмектеседі. Осы мобильді қосымша арқылы шетелдікті шақыруға қазақстандық азамат өтініш бере алады.
Рұқсат алу үшін олар қосымшада қандай статуспен келетінін, қандай мақсатпен (оқуға, емделуге, виза алуға, жұмыс орындарын іздеуге, қандас мәртебесін алуға) келетінін белгілеп көрсетеді деп іске қосылған болатын өкініштісі бұл қосымша бүгінде дұрыс жұмыс істей алмай жұмысқа кедергі келтіруде. Бүгінгі күні қосымша арқылы құжат тапсырған қандастар 50-60 күн аралығында қандас мәртебесіне қол жеткізіп жатыр. Бұл өте көп уақыт.
Осы бағытта нақты шешім шығаруға ҚР-ның жоғары палаталарында заң жобасы қараылып жатыр. Елге көп келіп құжаттарын тиісті органға тапсырған, қандас мәртебесін алған жалғыз басты адамдармен отбасылары қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына кіруге өтініш бере алады.
Төртінші қадам. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына кіру туралы өтінішін береді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген квотаға енгізу қағидасына байланысты өтінішпен қоса қажетті құжаттар 1) Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) және оның отбасы мүшелері (бар болған жағдайда)
2) Неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда)
3) Білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелерін тапсырады. Құзырлы көші-қон мекемесі Мемлекеттік корпорация қандастың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін, қандаста және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көші-қон мекемесі осы мәліметтерді сәйкестігін қарап, өңірлік комиссия он жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
ІІІ
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына келсек
Ақпарат ретінде:
2023 жылы облыс бойынша ұтқырлық сертификат 169 отбасына беріліп, 679,0 миллион тенге игерілген.
2023 жылы 1718 адамға Қандас мәртебесі берілді.
2023 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 972 қандас кірді. Олар (Моңғолия 611, Қытай 121, Ресей 103, Өзбекстан 73, Түркіменстан 58, Ауғанстан -5, Қырғызстан 1) елдерінен көшіп келгендер.
2024 жылғы 29 қаңтардағы жағдайы бойынша 75 қандас мәртебесі берілген. Олардың басым бөлігі Моңғолия елінен 42, Қытайдан 28, ал, қалғандарын Түркімен, Өзбекстан, Ауғанстан елдерінен келгендер алған.
2024 жылғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Павлодар облысына көшіп келетін қандастарға 902 квота бекітілсе, Онтүстік өңірлердің қоныс аударушыларына 2603 адамға квота бөлінген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 729 «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес өңірлік квотаға енгізілген қандастарға жол шығындарын өтеу және үй жалдауға субсидия төленеді.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға төмендегі мемлекеттік қолдау шарасы көрсетіледі.
Олар: Көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлеміне 258 440 тенге;
— 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар; АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
2024 жылғы 1 АЕК 3692 тенгені құрайды.
Қалалық жерге қоныстанса (отбасына) | Ауылдық жерлерге қоныстанса (отбасына) | |
1 адамға | 20 АЕК
73 840 тенге |
15 АЕК
55 380 тенге |
Отбасы мүшелерінің сны 2-ден 4-ке дейін | 25 АЕК
92 300 тенге |
18 АЕК
66 456 тенге |
Отбасы мүшелерінің саны 5-тен астам болса | 30 АЕК
110 760 тенге |
21 АЕК
77 532 тенге |
— Қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар беріледі. Ол қандастар бизнесін бастауға, өзін жұмыспен қамтуға арнайы жоба жасаса қайтарымсыз грант ; (400 АЕК 1 476 800 тенге мөлшерінде)
— Екінші деңгейдегі банкілер арқылы 2,5 пайыз жеңілдетілген берілетін микрокредиттерді алуға мүмкіншілігі бар
— Жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама берілу сияқты мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болады.
— Отбасына баспана сатып алу немесе үй салу үшін ақшалай төлемдеріне экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беріледі.
Сонымен қатар қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына кірген қандастар екі мүмкіндік пайдалануға жол беріледі. 1. Квотаға қарастырылған тұрғын үй жалдау және комуналдық шығындарын өтеуге арналған қаржылай көмек алу
- Ұтқырлық сертификаты бойынша әлеуметтік көмек алу деген сияқты екі таңдаудың қай бірін алады. Ұтқырлық сертификат мөлшері
(Бұл 1160 АЕК немесе 4 280 000 миллион тенге ге дейін)
Аталған қаражатты берудің арнайы ережесі бекітіліп, 2023 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Былтыр, 2023 жылғы сәуірдің 1-нен бастап тұрғылықты қала аудандардағы мансап орталықтарына
— Үй сатып алу-сату шарты; — Екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдағанын растайтын құжат; — Тұрғын үй салу кезінде қандастың меншігінде жер учаскесінің болуын растайтын құжаттарымен қоса өтініш жазып тапсырады. Өтінішті қабылдаған құзырлы мемлекеттік мекеме 3 жұмыс күні ішінде арнайы комиссияның тиісті шешімін шығарады.
ІV
(Зейнетке шығу бейнет)
Шешілмей жатқан сұрақтардың қатарында еңбек мәселелері де бар. Қытай, Моңғолия елдерінен келген зейнеткерлердің әскери борышын өтеген жылдары, оқу орындарын бітірген уақыт мерзімі зейнетке шыққанда есептелмейді. Бұл норма Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 13-бабының 18 тармақшасында шеттен көшіп келген қандастарға «еңбек қызметі» бойынша зейнетақы тағайындалсын деп белгіленген. Бірақ бұл заң нормасында да, «Еңбек кодесінде» де «Еңбек қызметі» деген сөз жоқ. «Еңбек өтілі» деген ұғым бар. Енді осы заң бойынша шеттен көшіп келген ҚР азаматтығын алған қандастарға «Еңбек қызметі» негізінде зейнетақы тағайындалатын болды.
Қандастардың барлығы да ҚР азаматы бола тұра жергілікті және шеттен оралған зейнеткерлердің еңбек еткен жылдарын есептеуде екі түрлі норма пайдалу мәселесінің көтерілгеніне 31 жыл болды. Біздің ойымызша шетелде атқарған лауазымдары бойынша ҚР қызметкерлерімен теңестірілген зейнетақы тағайындалуы керек. Бұл мәселе өте көп наразылық тудырады.
Мысалы: шетелде 40 жыл мал дәрігері болған қандасымыз ҚР-да 54 000 теңге зейнетақы алса, ҚР-да дәл сондай лауазымда болған азаматтар 160 000 теңге зейнетақы алады екен. Осы мәселелер қайта қаралып, дұрыс шешілуі қажет.
Айтпағым келген ағайын өз тағдырына жаңа орта елді мекендерге қалай орналасу жайында ойланып қоныстану мәселесінде дұрыс шешім қабылдаулары қажет. Сонда ғана келген ортасына оңтайлы да тез бейімделетін болады. Өзін-өзі басқарып сана сезімі жаңа заман талабына қарай жаңғырып нарықтық қоғамға бейімделу деген осындайдан басталатынын мойындау керек. Қандастармен қатарымыз артып Қазақ елінің ертеңі еңселі болсын ағайын!!!
«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ мен «Отандастар қоры» КеАҚ – ның Павлодар облыстық филиалының басшысы, Қандастарды өңірлік квотаға қабылдау комиссия мүшесі Болат Заутұлы