Майқайыңда топырақтың опырылуынан тұрғындарға қауіп төнді
Ауылда төтенше жағдай жарияланды.
«Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында «Майқайың-алтын» АҚ жерасты кенішінің аумағында опырылған жерге жақын орналасқан үйлердің тұрғындарының өміріне қауіп төнгендіктен, жергілікті ауқымда техногендік төтенше жағдай жариялансын», –делінген қаулыда.