Алматыда жыл соңына дейін ерекше қажеттілігі бар 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылады
Мүгедектігі бар адамдар біліктілігін арттырып, Еңбек ұтқырлығы орталығы мен «Ten Qogam» орталықтары арқылы оқудан өте алады.
«2023 жылы Еңбек ұтқырлығы орталығына ерекше қажеттілігі бар 2860 азамат жүгініп, 1965 адам жұмыспен қамтылды. Бұл ретте 244 адам тұрақты жұмыс орнына, 502 адам әлеуметтік жұмысқа, 661 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді», — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
2024 жылдың соңына дейін кем дегенде 2,2 мың мүгедек адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Басты мақсат — азаматтардың өзін-өзі ынталандыру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту. Жұмыс берушілерге жалақының кемінде 70% субсидия алуға және арнайы жұмыс орындары үшін жабдыққа жұмсалған шығындарды өтеуге мүмкіндік беріледі.